Бірқатар нысандарды аралады

Пятница, 26 Февраль 2016 07:01 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3786 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Абай ауданы әкімдігінің активімен кездесіп, аудан аумағындағы бірқатар мәселелер бойынша ашық әңгімелесу өткізді. Әрі аталмыш аудандағы бірқатар нысандардың жұмысымен танысты.

 IMG 2596
 IMG 2836

Әуелі, қаладан 15 шақырым қашықтықтағы Ақтас полигонындағы тұрмыстық қатты алдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысында болды. Онда қоқыс тасымалдаудағы проблемалар бойынша тиісті сала мамандарына тапсырма берді.
– Шымкенттен шыққан тұрмыстық қатты қалдықтар тиелген көліктердің төбесі арнайы жамылғымен жабылуы тиіс. Себебі, төбесі ашық көліктен ұшқан қоқыстар төгіліп, шаһардың ірі жол дәлізін ластауда. Жергілікті полиция қызметінің мамандары қатаң қадағалау жүргізіп, талапқа сай жұмыс істемеген көлік иелеріне айыппұл салуы керек, – деді шаһар басшысы.
Бұдан кейін қала әкімі Еңбекші ауданына қарасты «Оңтүстік» (Чапаевка) шағынауданындағы апатты кәріз коллекторының жұмысымен танысты. 1964 жылы салынып, 3-4 метр тереңдікте жатқан 5, 6 шақырымды құрайтын құбырларға бүгінгі таңда мердігер мекеме тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Шаһар басшысы жауапты мамандарға кәріз құбырларын ауыстыру барысында бұзылған жол бөліктерін тездетіп қалпына келтіріп, көлік қозғалысына кедергі келтірмеуін талап етті.
Шаһар басшысы қазіргі таңда күрделі жөндеуден өтіп жатқан Қапал батыр көшесінің бойындағы теміржол көпірінің жұмысымен танысты. 18 метрге дейін кеңейтілуі тиіс көпір уақытылы аяқталса, көлік қозғалысын реттеуде айтарлықтай сеп болары анық.
Қала тазалығын қадағалау үшін шаһар басшысы Қапал батыр көшесін аралады. Мұндағы ретсіз жарнама маңдайшалардың шаһардың сәнін кетіріп, сауда дүңгіршектерінің қоғамдық ортада тазалық сақтамайтындығын сынға алды. Осыған орай әкім орынбасарларына тазалық мәселесін үнемі басты назарда ұстау керектігін айтты.

 Шымкент қаласы әкімі 
аппаратының баспасөз қызметі

Последнее изменение Пятница, 26 Февраль 2016 07:21
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.