АРБАТТА АПТА САЙЫН ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ Избранное

Среда, 07 Август 2024 06:04 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 606 раз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында креативті индустрияны экономиканы өркендететін, халықты жұмыспен қамтуға ықпал ететін бағыт ретінде атап көрсеткен еді. Кейінгі жылдары елімізде бұл салаға ерекше көңіл бөлініп келеді.

ArmarKa

 

Республика бойынша халқы ең көп өңірлердің бірі ретінде Шымкент қаласында бұл бағытты дамыту ерекше жолға қойылған. Шымкент Креативті индустрия қауымдастығы 2022 жылдан бері жеке кәсіпкерлермен жұмыс жасап, оларға бағыт-бағдар беріп келеді. Соның айғағы ретінде өткен демалыс күндері Арбат алаңында Шымкент қаласының креативті индустриясы кәсіпкерлері қатысқан жәрмеңке өткенін айта аламыз.
Аталған іс-шара барысында кәсіпкерлер өз өнімдерін халыққа ұсынып, ұлттық нақышта дайындалған бұйымдардан көрме ұйымдастырды.
Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының Шымкент қаласының Креативті индустрия қауымдастығымен бірге өткізген осы жәрмеңкеге қолөнер шеберлері, тоқымашылар, дизайнерлер, суретшілер және тағы басқа өнер мен кәсіп иелері қатысты.
Аталған іс-шара алдағы уақытта аптаның әр сенбі күні тұрақты түрде өткізіледі дейді жауаптылар.

Гүлжауһар БАЖАҚАЙ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.