ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕГЕ АЙНАЛЫП ОТЫР Избранное

Среда, 07 Август 2024 06:10 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 657 раз

Жуырда Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімовтің жетекшілігімен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

akimaT

 

Отырыс барысында жауаптылар қала аумағында орын алған жол-көлік оқиғалары мен оның алдын алу шараларын күшейту мәселесін егжей-тегжейлі талқылап, жолдың әрбір қауіпті учаскесі бойынша орындалатын жұмыстар барысын пысықтады.
Отырыс барысында аудан бойынша жауапты қызметкерлер қала әкімінің орынбасарына жолдағы қауіпсіздік шаралары, проблемалары және оны шешу үшін тиісті мекемелермен бірге істеліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.
Айдын Кәрімов ағымдағы жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша есептерді тыңдап, жолдағы қауіпсіздік мәселесі едәуір күрделі екенін жеткізді.
Атап айтқанда,
7 айдың қорытындысы бойынша 974 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 4 еседен астам көп. (2023 ж. 189 ЖКО тіркелген) және соның салдарынан 42 адам қаза тапқан және бұл көрсеткіш те өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 13, 5 пайызға өскен (2023 ж. 37 адам қаза тапқан). Осыны назарға ала отырып, А.Кәрімов жағдайды тез арада жақсарту мәселесінде кешенді шараларды қабылдау және осы салаға бекітілген әрбір қызметкердің жауапкершілігін күшейту бойынша нақты жұмыстарды атқару қажеттігін атап өтіп, сала басшыларына ескерту жасады.
Отырыс қорытындысы бойынша Айдын Кәрімов «Қала тұрғындары жолда жүру кезінде өздерін қауіпсіз сезінуі тиіс», - екендігін қайта атап өте отырып, жұмыс топтың отырысы ай сайын өткізілетінін және кешенді шараларды қабылдау жұмысының жалғасатынын хабарлады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.