Асық аттық, доп тептік Избранное

Среда, 02 Март 2022 04:28 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 958 раз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды Балалар жылы деп жариялауына орай Тоғыс тұрғын алабында аула чемпионаты ұйымдастырылды.

352

 

Игі бастама елді мекен жастарын бұқаралық қолжетімді спорт түрлерімен айналысуға шақыра отырып, салауатты өмір салтын насихаттауға, отансүйгіштікке тәрбиелейді.
Чемпионатта елді мекеннің 200-ге жуық 4-17 жасқа дейінгі жасөспірімі қатысты. Ойын алаңшасында өткен жарыста қатысушар асық ату, турникке тартылу, қақпаға топ тебу, баскетбол және секіру бойынша сайысқа түсті. Жеңімпаздарға диплом мен медальдар табысталды.
Қалалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы осындай аула жарыстарын өзге де аудандарда ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.