САРБАЗДЫҢ СЫРЫН ҰҚҚАН САРА Избранное

Пятница, 04 Март 2022 03:40 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1044 раз

Қарулы Күштер – ел қорғаны. Отанымызды қорғауда Қарулы Күштердің құрылымдарына сақадай-сай дайындықтан өткен жауынгерлер қажет. Олардың психикасы сау, айтарлықтай физикалық және эмоционалды стресс жағдайларында психикалық тұрақтылықты сақтай алуы маңызды.

404

 

Болашақ Отан қорғаушыларды стресске төзімді, жеке шекараны сақтай алатын және жаңа жағдайларға тез бейімделетін, бейтаныс адамдармен тез тіл табуға қабілетті азаматтарды мерзімді әскери немесе келісімшарт бойынша қызметке үміткерлерді іріктеу үшін жергілікті әскери басқару органдарында психологтар қызмет етеді.
Түркістан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің психология қызметінің бастығы лауазымында алты жылдан бері Сара Қалдыбай еңбек етіп келеді. Сара
Қалдыбай – әлсіз кандидаттарды бір ғана жеке әңгімелесу мен қысқаша психологиялық тест арқылы шебер сұрыптай алатын білікті мамандардың бірі. Осы уақыт ішінде оның кабинетінен 24 мыңнан астам әскерге шақырылушы өтті. Оның жұмысының нәтижесі ретінде – олардың барлығы өз мерзімді қызметін сәтті аяқтады және бүгінгі күні де атқарып жүр.
Жалпы алғанда Қарулы Күштер сапында 15 жылдан аса қызмет атқарған Сара Қалдыбай ісіне біліктілігімен қатар, әріптестері ортасында сабырлы, ақкөңіл, ашық-жарқын мінезімен құрметке ие. Қызмет барысында еселі еңбегі үшін алғыс хаттар және медальдармен марапатталған.
– Армия деген түсінікті әркім түрліше сипаттайды. Оны тек борышын өтеу арқылы ғана білуге болады. Дене шынықтыруға келетін болсақ, бұл өте маңызды, бірақ менің ойымша, тұрақты психикадан кейін екінші орында тұрған дүние, - дейді Сара.
Аға лейтенант Қалдыбай тек өз ісінің маманы ғана емес, адал жар, ибалы келін және көпбалалы ана. Қазіргі таңда 6 баланы дүниеге әкеліп, оларды рухы мықты, отаншыл ұрпақ етіп тәрбиелеуде. Перзенттерінің тұңғышы анасының жолын қуғысы келеді екен, ал анасы оны толық қолдайды. Себебі, ел игілігі үшін қызмет ету – лайықты іс деп санайды.
–Қыз-келіншектердің мойнына жүктелген ауыр жүк – ана болу, ал көп баланың анасы болу нағыз ерлікке татиды. Осындай ауыр міндетті арқалаған Сара қызмет барысында әйелге тән нәзіктілігі мен биязылығын жоғалтпай, ерлермен иық тірестіре, жылдың қай мезгілі болсада санаспай, қандай жұмысқа болмасын білек сыбана кірісіп, тек абыроймен атқарып келеді, - дейді Түркістан облысы ҚІД бастығының орынбасары подполковник Жандос Кулдербаев.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, осындай нәзік жанды аруларымыздың еңбегі баршаға үлгі болары сөзсіз.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Айбыны асқақ жас сарбаз Құрылысшы қыз »