«НӨЛДІК ЖАРАҚАТ» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ 58 КӘСІПОРЫНДА ЕНГІЗІЛДІ Избранное

Пятница, 11 Март 2022 04:11 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 868 раз

Қалалық әкімдіктің ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде қалалық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың басшысы Бауыржан Қалжанов мәлімдеді.

456

 

Басқарма тарапынан 2021 жылы атқарылған жұмыс туралы баяндаған спикердің мәлімдеуінше, былтыр жалпы саны 1157 арыз-шағым түскен. Бұл 2020 жылғы тиісті көрсеткішпен салыстырғанда 14,6 пайызға төмен.
– Арыз-шағым мен еңбек заңнамасын бұзу фактілері, көбінесе, жалақы төлеу, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбеккердің құқығын сақтауға қатысты. 2021 жылы біз 235 рет тексеру өткізіп, 410 құқықбұзушылық фактісін анықтадық. Нәтижесінде жалпы сомасы 9,86 млн. теңгеге айыппұл салынды, – деді Бауыржан Қалжанов.
Анық болғаны, 2021 жылы жұмыс барысында болған 30 жазатайым оқиға тіркеліп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 37,5 пайызға төмендеді. Жауапты мамандардың мәліметінше, жазатайым жағдай негізінен құрылыс, өңдеу өнеркәсібі мен сауда саласына қатысты болып отыр. Осындай келеңсіздіктің алдын алу мақсатында «Халықтық бақылау» жобасы қолға алынып, Шымкентте 18 кәсіпорында енгізілді. Ал 542 кәсіпорын еңбек қауіпсіздігі бойынша аттестациядан өткізілді. Бұған қоса былтыр 1130 жұмысшының жалпы сомасы 197,5 млн. теңге жалақы қарызы өндірілген.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.