Бұл бастаманың авторы – №135 мектептің директоры Берікбай Михеев. Осылайша білім ордасының мұғалімдері оқу жылының басынан бері ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүр.
– «Ұлттық киімде білім беремін!» идеясының басты мақсаты – «Отбасы құндылықтары–ұлт болашағы–ұстаздар» үштік одағы жұмысын жандандыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы жастарға патриоттық тәрбие беру. Сонымен қатар тек ұстаздар ғана емес, бұл бастамаға оқушыларымыз да үн қосып, сабақтарына ұлттық киіммен келуде, – дейді идея авторы Берікбай Елтайұлы.
Шымкент қалалық білім басқармасы өкілдерінің айтуынша, №135 мектептің бастамасына қаладағы басқа мектеп ұжымдары да үн қосып, наурыз айында мектепке ұлттық киіммен келуді үрдіске айнылдыруда.