Ұстаздар ұлттық киімде Избранное

Среда, 16 Март 2022 04:42 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1399 раз

Үшінші мегаполистің мұғалімдері жаңа бастама көтерді. Мектеп оқытушылары мен балабақша тәрбиелеушілері өскелең ұрпаққа тәрбие беру үрдісін ұлттық киімде жүргізуде.

520

 

Бұл бастаманың авторы – №135 мектептің директоры Берікбай Михеев. Осылайша білім ордасының мұғалімдері оқу жылының басынан бері ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүр.
– «Ұлттық киімде білім беремін!» идеясының басты мақсаты – «Отбасы құндылықтары–ұлт болашағы–ұстаздар» үштік одағы жұмысын жандандыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы жастарға патриоттық тәрбие беру. Сонымен қатар тек ұстаздар ғана емес, бұл бастамаға оқушыларымыз да үн қосып, сабақтарына ұлттық киіммен келуде, – дейді идея авторы Берікбай Елтайұлы.
Шымкент қалалық білім басқармасы өкілдерінің айтуынша, №135 мектептің бастамасына қаладағы басқа мектеп ұжымдары да үн қосып, наурыз айында мектепке ұлттық киіммен келуді үрдіске айнылдыруда.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.