Қайраткердің мемлекет дамуына қосқан өлшеусіз еңбегі халықтың жадынан әлі күнге дейін өше қойған жоқ. Бір ғана Шымкенттің өзінде ол кісінің басшылығымен балалар темір жолы, дендросаябақ, хайуанаттар паркі, атшабар, №3 жылуэлектр станциясы, көп қабатты үйлер, жасанды көл, мәдени, спорт, сауда орталықтары салынды. Біз бүгінгі газетіміздің нөмірін А.Асқарұлының өмірі мен еңбек жолына арнап, ол кісімен қызметтес болған азаматтардың пікірлерін, сұхбаттарын, көзкөргендердің естеліктер топтамасын беріп отырмыз.