Шымкент пен Қытай арасындағы жан-жақты ынтымақтастық нығайып, екі ел арасында алтын көпір салынуда. Қазіргі таңда Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында шымкенттік делегаттар іскерлік кездесулер өткізіп жатыр. ⠀
⠀
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов бастаған делегация құрамында кәсіпкерлік, білім, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, табиғатты қорғау саласының басшылары мен аудан әкімдері, қалалық маслихат депутаттары және бизнес өкілдері бар. Делегат мүшелерінің іссапары Сиань қаласының экономиалық даму аймағындағы павилондармен танысудан басталды.⠀
⠀
–Іс-сапардың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған мемлекеттік сапары аясында Шымкент пен Сиань қалалары арасында қол қойылған «өзара серіктестік орнату» туралы меморандумға сәйкес, тараптар арасында жан-жақты байланыс орнатып, өзара тәжірбие алмасу, – деп хабарлады Сиань қаласынан қала әкімінің орынбасары Мақсұт Пернебайұлы. ⠀
⠀
Мақсұт Исахов бүгін Сиань қалалық партия комитетінің хатшысы Фан Хонвэем ресми кездесу өткізеді. Бұдан бөлек, қалалық мәслихат пен халық құрылтайы өкілдері, жоғары оқу орындары, мәдени, туризм нысандары, бизнес өкілдері арасында екіжақты В2В кездесулер ұйымдастырылып, өзара ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылып, озық технологиямен жабдықталған арнайы кәсіпорындарды аралайды.⠀
⠀
Атап өтсек, 2022 жылы Шымкент пен Қытай арасындағы екіжақты тауар айналымы 236,6 млн.АҚШ долларына жеткен. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан миллионды қала арқылы Еуропа мен Азия арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансұлттық көлік дәлізі өтеді. Мегаполистің Орталық Азияда инвестициялар, технологиялар мен зияткерлік ресурстарды тартудың жаңа орталығы болуда әлеуеті зор.
СИАНЬ ҚАЛАСЫНДА ШЫМКЕНТТІК ДЕЛЕГАТТАР ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗІП ЖАТЫР
Среда, 05 Июль 2023 15:17 Автор Редакция Опубликовано в Қоғам Прочитано 954 разРедакция
Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.