САУДА-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ НАРЫҚҚА ЖОЛ, ШАРУАҒА ҚОЛДАУ Избранное

Среда, 12 Июль 2023 04:30 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 588 раз

Шымкент қаласында азық-түлік, көкөніс және тағы басқа тұрмыстық тауар өнімдерін сақтайтын ірі Сауда логистикалық орталығы 228 гектар аумақты алып жатыр. Қазір мұнда ірі үш жоба жүзеге асырылған. Яғни «Continental logistics Shymkent», «Kazakhstan Logistic group», «Зерде» компанияларының тұтынушылық өнімдерін сақтау қоймалары жұмыс істеп тұр. Ал жаңадан қолға алынған 6 жоба алдағы күндері логистикалық орталықтың тасымалдау бөлшегіне айналады деп жоспарланып отыр.

568

 

Қазірі орталықта «Euro Tranzit Service Management» көкөніс сақтау қоймасының құрылысы жүріп жатыр. Жобаның құны – 5 миллиард теңге. Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған сауда логистикалық орталығында болып, қойма құрылысымен танысты. Қазір мұнда құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған, сондай-ақ ғимарат негізгі 3 блокқа бөлінеді. Бірінші, 12 мың шаршы метрді алып жатқан тауарды құрғақ сақтау бөлімі, екінші 8 мың шаршы метрлік мұздатқыш бөлігі, үшінші қосымша тауар сақтайтын бөлік. Қойма жылына 240 000 тонна жүк қабылдауға қауқарлы. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстары 2024 жылы аяқталып, 80 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
Құрылысы жүріп жатқан келесі нысанның бірі – «НМИ-ЮГ» көпфункционалды қойма кешені. Жобаға сәйкес, нысанның аумағы 22 мың шаршы метрге жуықтайды. Тоңазытқыш камерасында тәулігіне 1455 тонна өнім сақтауға болады. Ал ұн өнімдерін сақтайтын орында 327 тонна тауар сақтауға мүмкіндік бар. Кешен іске қосылғанда 100-ден астам адамды жұмыспен қамтиды. Қазір өндірістік кестеге сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстары 30 пайызға аяқталған. Жоспар бойынша қойма кешені келесі жылы пайдалануға беріледі, – дейді жауаптылар.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жыл басында Шымкент қаласына сапарында сауда-логистикалық орталықты ұлғайту мәселесін көтерген болатын. «Орталықты кеңейту Шымкентке Орталық Азия елдері арасында көлік-логистикалық хабқа айналуға мүмкіндік береді. Бұл жалпы ел экономикасының дамуына оң әсер етеді. Атап айтқанда, біріншіден, бағаларды төмендетуге, екіншіден, ішкі нарықты толығымен тұтыну тауарларымен қамтамасыз етеді» -деген болатын. Бұл бағытта орталықта өзге де ірі жобалар қолға алынады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.