Дәрігерлер – мақтанышымыз Избранное

Пятница, 22 Декабрь 2023 05:23 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 872 раз

Астана қаласында «Медицина үздігі – 2023» байқауының үздіктері марапатталды. Жиынға Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдардың дәрігерлері, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, отандық және шетелдік сарапшылар қатысты.

uztaz

 

«DENI SAU ULT» ұлттық медициналық саммиті аясында өткен салтанатты жиында Шымкент қаласындағы медицина ұйымдарының бірнеше қызметкері үздік атанды.
Атап айтқанда, еліміз бойынша жедәл жәрдем қызметінде «Үздік фельдшер» номинациясымен шымкенттік Шәкіров Қанат Маханбетқұлұлы марапатталды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау жүйесінің дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін «Үздік стационар мейіргері» номинациясына қалалық №1 клиникалық ауруханасының медбикесі Гаухар Құралбаева лайық деп танылды.
Еңбегі еленген ақ халатты абзал жандардың арасында Шымкент қалалық №4 емхананың қызметкері де бар. Емхананың жалпы тәжірибелі дәрігері Сапар Ақжарқын Абайқызы ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасына ие болды.
Айта кету керек, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырған саммитке еліміздің барлық өңірінен 1500-ге жуық қатысушы жиналған. Іс-шара медицина саласындағы соңғы жаңалықтар мен
тәжірибе алмасу алаңына айналды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.