Шымкентте «Қазақстанның үздік тауары –2023» конкурсының өңірлік іріктеу кезеңі өтті. Іс-шараға қала әкімдігі мен «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлік Палатасының қалалық филиалы ұйытқы болды. Арбат алаңында ашық аспан астында өткен екі күндік көрме-байқауда шаһардың 70-тен аса кәсіпкері өз өнімін ұсынды. Көрмеде қазақтың ұлттық тағамы құрт пен майдан…
Шымкент қалалық мәслихатының шешіміне сәйкес, қала күні мерекесінің қарсаңында бірқатар азаматтарға «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. Бұл атаққа ие болғандардың барлығы еліміздің және қаламыздың әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуына лайықты үлес қосқан азаматтар.
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен биыл үшінші рет Shymkent Nomad film fest қысқаметражды фильмдер фестивалі өтті. Байқаудың мақсаты — қаламыздағы киноиндустрия саласын дамытып, қысқаметражды фильмдер арқылы ұлттық мәдениетті сақтау және дамыту, патриотизм, туризм, спорт, мотивациялық, отбасы құндылығы мен әлеуметтік мәселелерді қамти отырып, оларды жастар арасында насихаттау.
Кәсіпкерлерге арналған барлық қызмет түрлері енді бір жерден және бір өтініш бойынша алынады. Шымкентте кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің көпфункционалды орталығы ашылды. Орталықтан кәсіпкерлер сервистік қызметтерден басқа, заңды тұлғаны тіркеу, жылжымайтын мүлік құжаттарын заңдастыру, лицензиялаудың түрлері, рұқсат беру құжаттары сияқты мемлекеттік қызмет түрлерін ала алады.
Тәжірибе мен тың жоба: еріктілер жазғы мектепте бас қосты
Пятница, 16 Июнь 2023 07:34 Автор Айдана Мұхтарова
Волонтерлер Шымкент қаласындағы жаaзғы мектепте басқосты. Қаланың жоғары және орта оқу орнынан келген 100-ге жуық ерікті екі күнге ұласқан іс-шарада белгілі тренерлердің қатысуымен «Soft skills» тұлғалық қабілетті дамыту, мобилография шеберлігі мен «Еріктілердің қоғамдағы рөлі» тақырыбында семинар-тренингтер ұйымдастырды. Еріктілер өзара тәжірибе алмасып, ортақ жобаларымен бөлісті. Бұл…
2023 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік-әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері артады 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Әлеуметтік Кодекс қолданысқа енеді. Жаңа құжат қолданысқа енген күннен бастап, «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» ҚР Заңы күшін жояды. Сондай-ақ, жаңа құжаттағы (Әлеуметтік…
– Баршагүл Исабекқызы, өзіңізге мәлім белгілі саясаткер Джавахарлал Нерудің «отар елдің тарихын отарлаушы жазады» деген әйгілі сөзі бар. Жалпы, біз үш ғасырлық бодандықтан кейін деректерге сүйене отырып, өз еліміздің тарихы жайында сөз қозғағанда қаншалықты сеніммен сөйлей аламыз? Әңгімеміздің басын осыдан бастасақ. – Ертеректегі қазақ мәдениетінде…
Ойланбай істеген әрекет орны толмас табиғат шығынын әкеледі
Пятница, 16 Июнь 2023 06:12 Автор Редакция
Өрт – тілсіз жау. Айтып келмейтін апат табиғи қалыптасқан тепе-теңдікті бұзады, табиғатымыздың таптырмас байлығына үлкен зиян келтіреді. Десек те, орман мен дала өрттінің тұтануына, көбіне, адамдардың алаңғасарлығы, немқұрайлығы мен жауапкершілігінің төмендігі себепші болып жатады. Ойланбастан тастаған темекі тұқылы, демалыста сөнбей қалған от, шыны сынықтары, бәрі-бәрі…
Қазақстан Республикасының «Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне 2022 жылғы 14 шілдеде бірқатар өзгерістер енгізілді. Өзгерістердің ең маңыздысы сол, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап АХАТ функциялары жергілікті атқарушы органдардан «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқаруына өтті. Аталған Кодекске сәйкес, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу…
Биыл елімізде алғаш рет әкелер күні аталып өтеді. Әкелер күні тұңғыш рет 1910 жылы маусымда Вашингтонда тойланыпты. Содан бері жыл сайын шет елдіктер бұл мейрамды атаусыз қалдырмайды екен. Еліміздің ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің бастамасымен Қазақстандағы мерекелер тізімі жаңа «Әкелер күні» мерекесімен толықты. Аталған мереке…