Құрметті азаматтар қатары толықты Избранное

Среда, 21 Июнь 2023 05:58 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1011 раз

Шымкент қалалық мәслихатының шешіміне сәйкес, қала күні мерекесінің қарсаңында бірқатар азаматтарға «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. Бұл атаққа ие болғандардың барлығы еліміздің және қаламыздың әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуына лайықты үлес қосқан азаматтар.

 

Атап айтқанда, Құрметті азамат атағын алғандардың қатарында 50 жылға жуық уақытта бері педагогика саласында жемісті еңбек етіп келе жатқан білікті ұстаз, «Арофат» орта мектебінің директоры Роза Пак, нейрохирург дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Марат Момынов, белгілі сатира актері Жүсіп Ақшора,
Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының актері Еркінбек Шымырқұлов, құқық қорғау, сот саласының ардагері, қоғам қайраткері Бекет Тұрғараев бар.
Сонымен қатар «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының» Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Абдулла Ахметов, оңтүстік өңірде бірнеше аудандар мен басқармаларды басқарған, облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған ел ағасы, бүгінде Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Сәкен Абдолла, энергетика саласының білікті маманы Арқабай Тастанов, Төтенше жағдайлар қызметінің ардагері Уәлихан Ережепов, «Ордабасы» кәсіби футбол клубы» АҚ президенті Бауыржан Абдубаитов және «Фосфор» зауыты, «Мұнай өңдеу» зауыты, «Шина» зауыты, «Прессавтомат» зауыты, «Химфарм» зауыты, «Гидролиз» зауыты, «Қорғасын» зауыты сияқты ірі өндіріс орындарының құрылысын басқарған инженер-құрылысшы, еңбек ардагері Владимир Сосюраға да Шымкент қаласының Құрметті азаматы атағы берілді.
Ел игілігі жолында атқарған еңбегі еленіп, мәртебесі артқан азаматтарды «Шымкент келбеті» - «Панорама Шымкента» газеттерінің редакция ұжымы да шын жүректен құттықтайды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.