– Фестивалдің мақсаты – талантты режиссерлерге қолдау көрсетіп, жастардың шығармашылығының шыңдалуына мүмкіндік беретін алаң құру. Еліміздің өркендеуі жолында үлес қосып жүрген әрбіріңізге алғыс білдіремін. Шығармашылық табыс тілеймін,– деді қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шүкірханұлы.
Байқауға 30-ға жуық талантты режиссер кинотуындыларын ұсынып, оның ішінен 12 кино іріктеліп алынды.
–Жастар «Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны», «Туризм саласын насихаттау», «Патриотизм», «Мотивациялық бағыт», «Спорт саласы», «Отбасы құндылықтары», «Жемқорлыққа жол жоқ» бағыттарындағы өзекті фильмдерін ұсынды. Үздік туындылар республикалық деңгейдегі фестивалдерге жолданады, – деді Жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Исахов.
Қорытындысында Shymkent Nomad film fest қысқаметражды фильмдер фестивалінің бас жүлдесіне «Ғайша» фильмі лайық деп табылды. І орынды «Эгоизм», ІІ орынды «Тор», ІІІ орынды «Қиналма» фильмі алды. Үздіктер Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының арнайы дипломы және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Назерке Тасболатова,
21-11К3 М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
университетінің 2 курс студенті