«Қайнарбұлақ» саяжайында уақытша жол салынуда. Жаңа мектепке баратын жолға Темірлан тасжолынан алынған асфальт төселуде.

qysqa zholАйта кетерлігі, мектепке негізгі жолды салудың құжаттары әзірленгенше жаңа оқу жылы басталады. Сондықтан, балғындар білім ордасына қиналмай жету үшін уақытша жол салынатын болып шешілді.

Жауапты мамандардың мәлімдеуінше, жобалық-сметалық құжат жасалып, тендер өткізіліп, мердігер анықталған соң мұнда жаңа жол салынады. Әзірге уақытша жолдың ұзындығы – 1 шақырым.

Сондай-ақ қаладағы Сайрам көшесінің жолын жөндеу басталды. Бұл жол жүк көліктерінің жүруіне рұқсат берілген көше болып саналады. Жолдың бетін жиі жөндеп тұру кезек күттірмейтін істің бірі. Осы орайда Шымкент қаласының әкімдігі көлік жүргізушілеріне көшенің жөнделіп жатқан бөліктерінде көлік кептелісі болуы мүмкін екенін ескертеді.

Опубликовано в Білім
Среда, 09 Август 2017 04:31

20 мектеп ел игілігіне беріледі

Өңірімізде жыл соңына дейін 209 нысанның 116-ын пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр. Соның ішінде 1 қыркүйек күні 20 мектеп ел игілігіне берілмек. Аталған 209 инвестициялық жобаның іске асырылуына 64,9 млрд теңге бағытталған.

DSC 1228

– «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде 32 мектеп құрылысын жүргізу жоспарланған. 32 нысанның 19-ы 2016 жылдан өтпелі болып, 19-ын пайдалануға беру жоспарда бар. Бүгінгі күнге 4 нысан пайдалануға берілген. 2017 жылы құрылысы жоспарланған 13 мектеп 2018 жылға өтпелі, – дейді облыстық құрылыс басқармасының басшысы Қ. Жамашев.

Сондай-ақ 2016-2017 оқу жылдарында облысымыздағы 94 білім беру нысандарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ал биыл аудандық, қалалық бюджет есебінен 43 мектеп пен 2 балабақшада күрделі жөндеу жұмыстарына 2,6 млрд теңге қаралған. Бүгінгі таңда 45 білім беру нысанының 36-сында күрделі жөндеу жұмыстары жүруде. 

Сала мамандарының айтуынша, өңірдегі барлық мектептердегі күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары оқу маусымы басталғанша бітеді. Ең бастысы, құрылыстың сапалы әрі мерзімді аяқталуына мән берілуде.

Опубликовано в Білім
Пятница, 04 Август 2017 04:48

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» акциясы басталды

«Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы биылғы оқу жылын «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» ұранымен бастады.

Акция Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен облыс аумағында тамыз және қыркүйек айларында ұйымдастырылады. Қайырымдылық шарасының мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу болып табылады.

Өткен жылы аталған акция аясында 18 510 оқушы балаға материалдық көмек берілген-ді. Оның 10 096-сына бюджет қаражаты есебінен материалдық көмек көрсетілсе, қалған 8 414-іне демеушілер қолдау танытты. Ал облыс бойынша материалдық көмек алған балаларға 197 млн 414 мың теңге қаржы жұмсалды. Ал соңғы 9 жыл бойы дәстүрге айналған қайырымдылық акциясына республика бойынша 2 миллионнан астам балаға 15 млрд теңгенің материалдық көмегі көрсетілген.

Жыл сайынғы өткізіліп жатқан осынау шараға демеушілер мен меценаттар тарапынан көрсетілген көмектер мен қолдаулардың үлесі зор. Биыл да республикалық «Мектепке жол» акциясына барлық деңгейдегі мекеме басшылары, аудан әкімдері, кәсіпкер азаматтар, мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдар, аудандық, қалалық білім бөлімдері, сондай-ақ, мектеп басшылары атсалыса алады.

Опубликовано в Білім
Пятница, 28 Июль 2017 05:02

Жаңа оқулықтар жеткізілуде

Биыл шымкенттік шәкірттер оқулықтан тарықпайды. Бұл үшін қаламыздағы білім ұяларына 1 миллион 4849 кітап жеткізілмек. Бір емес, ондаған баспаханадан жарық көрген кітаптар қазір арнайы жүк көліктеріне тиеліп, мектептерге үлестірілуде.

Қаламызда барлығы 128 мектеп бар болса, биыл білім ұяларының кітаптармен жасақталуы үшін 12 бірдей баспаханамен арнайы келісім-шарт түзілген. Шымкент қалалық білім бөлімі басшылығының айтуынша, шаһарамызға тиісті оқулықтар тамыз айының соңғы күндеріне дейін тасымалданады.

Оқулықтардың кімдерге берілетіні жайлы Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы тарқатып айтып берді. 

– 25 тамызға дейін оқулықтар бізге толығымен жеткізіледі. 2, 5 және 7 сыныптардың оқушылары 100 пайызға кітаппен қамтылады. 1 және 8 сыныптың оқушылары да кітапты мектептен тегін алуға мүмкіндіктері бар. Ал 3, 4, 5, 6 және 11 сыныпқа дейінгі өзге де оқушылар – әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары және көмекке мұқтаж шәкірттерге оқулықтар түгел беріледі. Ал қалған оқушылар сауда нүктелерінен сатып алатын болады, – деді Жанат Тәжиева. 

Айта кетейік, биыл үлестірілуі тиіс миллионнан асып жығылатын кітаптар үшін қазынадан қомақты қаржы қаралған. Яғни мектеп оқушыларының оқулықтарына 1 млрд 300 миллион теңге бөлініп отыр.

Опубликовано в Білім
Пятница, 09 Июнь 2017 05:32

Мектептерге – күрделі жөндеу

Шымкент мектептерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Бұған қала бюджетінен 440 млн теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстарымен 6 мердігер компания айналысуда. Бұдан бөлек жылу жүйелерін жөндеу үшін 124 мектепке 38 млн теңге қаралған.

remont school

Қызу жұмыс жүргізіліп жатқан нысанның бірі – №11 мектеп. Осыдан 26 жыл бұрын қолданысқа берілген білім ордасының тозығы жеткен. Бүгінге дейін ешбір жөндеу жұмыстары жүргізілмепті. 

Биыл Шымкент қаласында 118 мектепті жөндеуден өткізу жоспарланған. Үш мектепте ғана күрделі жөндеу жүргізіледі. Олар – №27, 39 және 100 мектеп. Аталған мектептерде жұмыстар жаңа оқу жылына дейін толық аяқталмақ.

Шымкентте құрылысы жүріп жатқан 13 мектептің 8-і жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Айта кетейік, Шымкентте құрылысы жүріп жатқан 13 мектептің 8-і жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Опубликовано в Білім

Жыл сайын оқу жылын жаңа бастамамен қарсы алатын мектеп ұжымын биыл да өзгерістер күтіп тұр. Шымкентте 1-ші сыныпқа баратын оқушылар енді мектепке электронды түрде тіркелетін болды. Мұндай бастама елімізде алғаш рет енгізіліп отыр.

 

Бұл жаңалықты енгізуге қалалық білім бөлімі 8 ай дайындалыпты. Яғни, осы уақыт аралығында мамандар арнайы компьютерлік бағдарлама әзірлеп, ата-аналар назарына ұсынған. Жаңа бағдарламаға сәйкес, енді кез-келген ата-ана бірінші сыныпқа баратын баласының құжатын көтеріп, табанынан тозбайтын болады. Ол үшін арнайы портал жұмыс істейді. Сол арқылы ата-ана перзентінің болашақ мектебінің мекен-жайын, білім сапасын, сыныбын тіпті, ұстазға дейін таңдай алады. Интернет желісі арқылы жұмыс істейтін бағдарлама үйдегі компьютер мен планшеттерге және қарапайым ұялы телефонға оп-оңай көшіріледі. Енді жаңа бастаманы ата-аналарға үйрету үшін білім ұяларында ашық есік күндерін өткізу жоспарланып отыр. «Бұл ата аналар үшін өте ыңғайлы. Себебі, ата аналар компьютер арқылы үйінде, ұялы телефон арқылы, немесе айпад, компютер арқылы кез-келген орыннан балаларының құжаттарын тапсырып, өздері мектептеріне балаларын бірінші сыныпқа қабылдату мүмкіндігі туындатып отыр», - дейді Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева. 

Айта кетейік, бүгінде шым шаһарда 129 мектеп бар болса, оның 125-де 21 мың бала алғашқы мектеп табалдырығын аттайды деп күтілуде. Балалардың электронды құжатын қабылдау уақыты 1 маусымнан 30-шы тамызға дейін жүргізілмек.

Опубликовано в Білім

Соңғы рет сыңғыр қаққан күміс қоңырау үні Шымкент қаласындағы 7431 мектеп түлегіне өмірдің жаңа бір белесін нұсқады. Саналы тәлім-тәрбие берген «алтын ұямен» қоштасқан жас түлектерді алда Ұлттық бірыңғай тестілеу, мемлекеттік емтихандар және арман мен үмітке толы өмірдің сан тарау жолдары күтіп тұр.

18698478 1589439934399346 233874385497924033 n

А. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының бітіруші-түлектерінің салтанатты жиынына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты. Айта кетейік, аталмыш мектеп оқушылары ҰБТ қорытындысы бойынша бірнеше жылдар бойы қаладағы үздік мектептер қатарында келеді. Осы орайда, облыс әкімі оқушыларды, ұстаздарды, ата-аналар қауымын кезекті оқу жылының аяқталуымен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді.

– Ел болашағы жастардың қолында. Қандай мамандықтың иесі болсаңыздар да бастысы, ұлтжанды ел азаматы болуды ұмытпаңыздар.

Елімізде қазіргі таңда балаларымыздың сапалы әрі заманға лайықты білім алуына қажетті барлық жағдайлар жасалған. Жыл өткен сайын білім саласын жақсартуға бағытталған жұмыстардың ауқымы кеңейіп келеді. Биыл облыстағы білім саласын дамытуға бюджеттен 44 миллиард теңге қаржы бөлінген. Яғни, бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 10 пайызға артық. Өткен жылы 6 білім беру нысаны пайдалануға берілді. Биыл тағы 5 жаңа, 3 қосымша ғимарат тапсырылады, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

 18622153 1589444144398925 4050267454598592520 n

72 түлегін үлкен өмірге шығарып салған А. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының ұжымы үшін өткен оқу жылы аса олжалы болды. Мектеп оқушылары халықаралық және республикалық деңгейдегі математика және ПОНИ байқауларында, «Русский медвеженок» зияткерлік байқауларында топ жарып, үздік нәтижелерін әйгіледі.

Мекеме директоры Гүлназ Әбілдаеваның айтуынша, «Алтын белгіге» үміткер Русалина Саркисова, «Үздік аттестат» иелері Әйгерім Жаңабаева мен Анастасия Малыхина қай кезде де мектеп ұжымының мақтанышына айналған. Салтанатты шара барысында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мектеп бітіруші түлектермен мектеп вальсін билеп, естелікке суретке түсті. Шара соңында түлектер алдағы өміріндегі сәттіліктің белгісі ретінде ақ көгершіндерді ұшырды. 

 18582643 1589442434399096 2232270542009872598 n

Жалпы, өткен оқу жылында Оңтүстік өңірінің оқушылары республикалық Олимпиада сындарында 30 жүлделі орынға қол жеткізіп, 6 білім грантын иеленіпті. Бұл қатарда, жас ғалымдарымыз жаратылыстану-математика бағыты бойынша «Ең үздік олимпиадалық команда» аталымын жеңіп алса, түрлі халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларында 50-ден аса жүлделі орындарға ие болды.

Бүгінгі мектеп бітірушілерінің 1370-і «Алтын белгіге», 863-і «Үздік аттестатқа» үміткер. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 23 760 бітіруші өтініш білдіріпті. Бұл – түлектердің жалпы санының 71,8 пайызы. Ал Шымкент қаласы бойынша 5 230 түлек ҰБТ тапсырмақ.

18622642 1589439941066012 7753631128680615209 n

Мектеп бітірушілер 29 мамыр – 9 маусым аралығында қорытынды аттестаттаудан өтсе, 20 маусым – 1 шілде аралығында ҰБТ тапсыратын болады.

Опубликовано в Білім

Жаз айы – мектеп демалысының уақыты. Алайда бітірушілерге бұл маусымда демалуға уақыт жоқ, өйткені, оларды 29 мамырда басталып 9 маусымға дейін созылатын бітіру емтихандары күтіп тұр. Ал 20 маусымнан 1 шілдеге дейін түлектер ҰБТ-ны жаңа форматта тапсырмақ.

zhanat tazhieva

«Осы жылдан бастап ҰБТ жаңа форматта өтеді, – дейді Шымкент қаласы Білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева. – Бұл дегеніміз, түлектердің біраз бөлігі мектеп қабырғасында қорытынды аттестация тапсырса, ЖОО-да оқуын жалғастырғысы келетіндерге тестілеуден өту қажет». 

Биыл қала бойынша жалпы орта мектепті 7431 оқушы бітіргелі отыр. Оның 5059-ы ҰБТ тапсырмақ (олардың қатарында 254 оқушы – «Алтын белгіге» және 173-і – ерекше үлгідегі аттестатқа үміткер). 

11 сынып оқушысы қорытынды аттестаттау емтиханын мектепте бес пәннен, оның ішінде 4 міндетті (ана тілі, екінші тіл, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы) және оқыту бейіні бойынша 1 таңдау пәнінен тапсырады. ҰБТ ЖОО-на түсуге емтихан және мемлекеттік грантты үлестірудің жүйесі қызметін қоса атқармақ.

 

ҰБТ-да неше балл жинау керек?

«Шекті балл өткен жылдағыдан өзгерген жоқ, сол 50 балл қалпында қалды, – деп түсіндірді қаланың Бас педагогы. – Талапкердің ЖОО-на ақылы негізде түсуі үшін бұл жеткілікті. Ал талапкер жинауы тиіс ең жоғарғы балл – 140».

Жанат Арысбекқызының айтуынша, алдыңғы жылдардағыдай келеңсіздіктер орын алмас үшін ҰБТ-ның барлық тапсырмалары БжҒМ өкілдерімен алдын ала тексерілген, соның нәтижесінде тест кітапшаларындағы 287 сұрақ алынып тасталды. Талапкерлер бұрынғыдай ҰБТ басталмас бұрын тексерістен өтеді: ұялы телефон, фотоаппарат және т.б. гаджеттер оларға кедергі келтірмеуі тиіс. Шпаргалка пайдаланған бітірушілердің жолы болмайтынын ашып айту қажет. Бір сөзбен, ҰБТ тапсырудың негізгі ережелері бұрынғы қалпында қалды.

Бүгінгі күні облыс орталығында ҰБТ тапсыратын, арнайы камера орнатылған 40 бөлімше дайындалған. 

Барлық бітірушіні мазалайтын бір сұрақ: шпаргалкамен ұсталып қалған жағдайда тестті қайта тапсыруға бола ма?

«Иә, болады, – дейді Жанат Тәжиева. – Тестті осы жылдың тамыз айында немесе келер жылдың қаңтарында ақылы түрде тапсырса болады».

ҰБТ тапсыруға байланысты жаңалықтар осымен бітпейді. Мәселен, Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев биыл оқу гранттарының көбейгенін алға тартты. Ол жоғарғы білімді азаматтары еңбекке қабілетті қоғамның басым бөлігін құрайтын Ресей, Қытай сияқты елдерді мысалға келтірді. Бұл ел экономикасы мен оның келешегін көтеруге деген ұмтылыс деп айтсақ әбден болады.

Опубликовано в Білім

Ертең еліміздің мектептерінде соңғы қоңырау соғылады. Соңғы қоңырау сыңғырымен биыл қала бойынша жалпы орта мектепті 7431 оқушы бітіргелі отыр. Оның 5059-ы ҰБТ тапсыруға өтініш білдірді.

DSC 0241

Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда мың оқушыға артық. Қанат қаққалы отырған түлектердің қатарында 254 оқушы – «Алтын белгіге» және 173-і – ерекше үлгідегі аттестатқа үміткер.

Үлкен өмірге жол алғалы отырған шәкірттер үшін әрине бұл күн үлкен қуаныш. Бірақ оны ырду-дырду думанға айналдырудың қажеті жоқ. Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жақында өткен әкімдік мәжілісінде 25 мамыр күні оқушылардың көлік шеруіне тиым салынатындығын мәлімдеп, мектептердегі ата-аналар комитетіне оқушылармен түсінік жүргізуді, ішкі істер қызметкерлеріне рейд жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ кафе, барларда бақылау күшейтіледі. Мұның барлығы жеткіншектердің қауіпсіздігін ойлаудан туған шара.

Шын мәнінде бұл кезең той тойлайтын емес, болашаққа қадам басуда ой ойлайтын жауапты кезең.

Опубликовано в Білім

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен әкімдік мәжілісінде білім саласының бүгінгі ахуалы жан-жақты талқыланды.

591c5f6f8bfdf

Қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиеваның айтуынша, биыл 5059 оқушы ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда мың оқушыға артып отыр. Олардың ішінде 254-і «Алтын белгіге», 173 – үздік аттестатқа үміткер. Ал шетелдің ЖОО-на түскендері – 193, колледжде білімін жалғастыратындар – 894, денсаулығына байланысты ҰБТ-ға қатыспайтындар – 14, ҰБТ нәтижесін қажет етпей ЖОО түсетіндер – 377, тест тапсырмай жұмыс істеуге ниет білдіргендер – 894. 

Сонымен қатар, мәжілісте оқу жылын аяқтаудың жаңа форматы да талқыланды. Алғашқы кезеңдегі мектепте тапсыратын қорытынды аттестаттау 29 мамыр мен 9 маусым аралығында 5 пән бойынша өтеді. Оның 4-і міндетті пән болса, біреуіне түлек өз таңдауын жасайды.

Екінші кезең – Ұлттық біріңғай тестілеу, яғни, ЖОО-на түсу үшін тапсырылатын емтихан. Ескі жүйе бойынша түлектер 4 міндетті және 1 таңдау пәнінен тапсырған болса, биылдан бастап таңдау пәні екеу, міндетті пән 3 болады. 1 – блокта тест математикалық сауаттылық, Оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихынан өтеді. Әрқайсысынан – 20 тапсырма. Негізгі пәндерде әрбір сұрақтың 5 жауабынан 1-і дұрыс. 

591c60955489e

2 – блокта 2 бейінді пән бойынша тапсырады. Мұнда 30-30-дан 60 сұрақ. Алғашқы 20 сұрағында 5 жауаптан 1-і дұрыс. Ал соңғы 10 сұрағында 8 жауаптан 3-і дұрыс. Сонда жалпы тапсырма саны 120 болса, максималды балл – 140. Тестілеу уақыты – 3 сағат, 50 минут.

Бұдан бөлек ҰБТ кезінде оқушылардың тәртібін қадағалау мақсатында министрліктің тапсырмасынан сәйкес 18 жаңа үлгідегі 4G жиілігіндегі тұншықтырғыштар сатып алынған. Сонымен қатар, тестілеу пункттерінде 80 ұялы телефон сигналдарын тұншықтырғыш, 6 рамалы металіздегіш, 42 салқындатқыш, 6 бейнетіркегіш, 43 бейнекамерамен жабдықталған.

Айта кетейік, биыл ҰБТ Шымкент қаласында үш нысанда – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясында және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында өтеді. 

Жиын барысында түлектердің ҰБТ-ның жаңа форматына дайындығы да айтылды. 

– Бұл бағытта қала оқушыларын ҰБТ күні қобалжымай, жаңа үлгідегі тестке үйрету мақсатында алдын ала «Ustudy» орталығында дайындық жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, 11 сыныптарды дайындайтын мұғалімдер, жоғарғы санаттағы ұстаздарға ауыстырылған, – деді қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева.

 

Түлектер автошеруіне тыйым салынады

Тағы бір ерекше айта кетер жайт, мәжілісте Ж.Тәжиеваның мектеп бітірушілердің 25 мамыр күні жасайтын көлік шеруіне шектеу қойып, түнгі клуб, мейрамхана, бар, кафелерде бақылау күшейтілсе деген ұсынысын жеткізді. Осыған орай, Ғ.Әбдірахымов 25 мамыр күні оқушылардың көлік шеруіне тыйым салынатындығын мәлімдеп, мектептердегі ата-аналар комитетіне түлектермен жиналыс өткізіп, оқушыларға ескертуді, ішкі істер қызметкерлеріне рейд жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

 

Мектепке электронды түрде қабылдайды

Жиында балаларды жаңа бағдарлама негізінде мектепке қабылдау жұмыстарының жағдайы да талқыланды. Аталған жүйе бұған дейін балабақшаларда сәтті жүргізілген. Енді осы үлгі арқылы мектепке де қабылдау жұмыстары пысықталуда. Бұл жүйе мектептегі орынға таласуға, кезек күтуге және сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді. 

Осыған орай, қалалық білім бөлімінің сайтында mektep.edu.kz порталы іске қосылған. Онда мектептің мекенжайы, паспорты, білім ордасы мен мұғалімдердің рейтингісі секілді ақпараттарды көре аласыз. Бүгінде мектептерде ата-аналарға арналған түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, электронды құжат тапсыру жолдары үйретілуде.

Айта кетейік, ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау 1 маусым мен 30 тамыз аралығында жоспарланған. 

Мәжілісте белгілі болғандай, биыл Шымкент қаласында 43 мыңнан астам бала жазғы лагерлерде демалады. Оның 5 211-і жетім, жартылай жетім, көп балалы отбасының балалары. 31 565 бала мектеп жанынан ашылатын лагерлерде демалады. Ал қалған 6000 бала ата-аналар көмегімен, 600 оқушы (әлеуметтік көмекті қажет ететін педагогтардың балалары) кәсіподақ ұйымының қолдауымен демалатын болады. 

Қала бойынша 12 мектепте құрылыс жұмыстары жүруіне байланысты жазғы лагерлер ұйымдастырылмайды. 

Сондай-ақ, қала басшысы жазғы демалыс кезінде спорт және мәдениет ұйымдарымен түрлі шаралар өткізілетінін және Оқушылар сарайына қарасты «Ақсу» лагерін де «Тау самалы», «Балдәурен» секілді, оқу жылында да жеткіншектерді қабылдауына жағдай жасалатынын айтты. 

– Біз 170 мыңдай баланың тек 11 мыңға жуығын ғана жазғы лагерлермен қамтамасыз етіп отырмыз. Енді кәсіпкерлермен, мердігерлермен бұл көрсеткішердің санын көбейту жолдарын қарастырамыз, – деді Ғ.Әбдірахымов.

Опубликовано в Білім
Страница 3 из 6