Еңбектерi елендi Избранное

Пятница, 05 Декабрь 2014 03:42 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4547 раз

Тұңғыш Президент күні елдікті, ынтымақ пен бірлікті дәріптейтін мерекеге айналып үлгерді. Биыл да бұл атаулы күн жер-жерде аталып өтті. Әсіресе, Оңтүстік  жұртшылығының  құлшынысы ерекше. Маңызды мереке облыс, қала деңгейінде кең көлемде тойланды.

DSC 0467Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Оңтүстік-цирк» ғимаратында мерекелік іс-шара өтті.  Салтанатты жиынға қалалық мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері және жастар өкілдері қатысты.
Алдымен қала тұрғындары мен қонақтары «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» атты фотокөрмені тамашалады. Көрмеде Елбасының әр жылдары қызметтегі, халық арасында түскен фотосуреттері орналастырылған.
 Мерекелік жиында қала әкімі Дархан Сатыбалды көпшілікті Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, ОҚО әкімі А.Мырзахметовтің өкімімен «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалін қалалық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Бекназаров, Ирина Чапухина, Наталья Котлярова, Гүлнар Құрманбекова, Ольга Левикова, Зоя Оңбергенова, Арақбай Тастанов, Тохтақұл
Халматов сынды қаланың дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға табыс етті.
DSC 0626Шымқаланың өсіп-өркендеуіне, көркеюіне айтарлықтай үлес қосып жүрген азаматтар аз емес. Қала әкімі сондай-ақ, қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсенді атсалысқан еңбекқор он азаматтың да еңбегін елеусіз қалдырмады. Қала әкімінің «Алғыс хатын» иеленгендер қатарында - Сапарғали Ақылбеков, «Шымкент –құс» ЖШС-нің операторы Бекзат Ақылбеков, Шымкент қаласының орталық саябағы  бригадирі Тәліпбек Әлжанов, «Жиделі құрылыс» ЖШС-нің директоры Талғат Бейсенов, «ҚазАгроном» ЖШС-нің директоры Мұрат  Гелиашвили, Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Балқан Қасымов, қалалық спорт және денешынықтыру бөлімінің бас маманы Шолпан Құтпанова, «Aqualife» ауыл шаруашылығының жетекшісі Гегам Пилипосьян және Әл-Фараби ауданы прокурорының аға көмекшісі Кенжеш Тайтелеевалар бар.
Мерекелік іс-шара соңы қазақ эстрадасы жұлдыздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

 

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.