ЖАСЫЛ ЭКОЛОГИЯҒА ЖОЛ

Пятница, 27 Сентябрь 2024 06:02 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 99 раз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жолдауында Атом электр станция құрылысына қатысты мәселені жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынды. АЭС салу тек энергетикалық қауіпсіздік емес, экологиялық қауіпсіздік, ғылыми-техникалық саясат, дамыған елдердің геосаяси мүдделерімен де астасып жатыр. Жасыратыны жоқ, қазіргі жаһандық климат проблемасы әлем елдерінің күн тәртібіндегі негізгі мәселеге айналды. Сол себепті адамзат экологиялық тұрғыда таза әрі қауіпсіз энергия көздерін дамытуды қарастырып жатқаны мәлім.

 

АЭС дегеніміз не? АЭС ядроның нейтрондармен әсерлесуінен туатын энергия көмегімен жұмыс істейді. Ядролық отын ретінде уран, плутоний, торий изотоптары пайдаланылады. Бұлардың жылу шығарғыштық қабілеті өзара бірдей, ал, кәдімгі отыннан (көмір, мұнай, газ) бірнеше млн. есе артық. Мыс., 1 кг уран 2.1010 ккал энергия береді: ол 100 тонна көмірге тең, немесе 60 тонна мұнайға. 1 уранның таблеткасы салмағы 4 грамм 441 килограмм көмірге тең.
Атомдық генерацияның басқа энергетикалық технологиялардан парник газдары сынды зиянды қалдықтар бойынша артықшылығы айқын. Атом электр стансасы мен Жылу электр стансасын экологиялық қауіпсіздік жағынан қысқаша салыстырсақ, АЭС-тен алынған бір гигаватт қуат жылына 5,9 мегатонна көмірді немесе 2,2 мегатонна мазут пен 26 мың текше метрге дейін газды үнемдеуге мүмкіндік беретінін көреміз. Бұл органикалық отынды жағу кезінде шығатын көптеген газдың таралуына, қатты қалдықтардың пайда болуына жол бермейді. Заманауи жүйелерімен жаб¬дық¬талған жылу стансасының өзі бір жылда атмосфера¬ға түрлі бағалауларға сәйкес, 7-ден 120 мыңға дейін күкірт тотығын, 2-20 мың тоннаға дейін азот тотығын, сондай-ақ, 700-1500 тоннаға дейін күл (тазартусыз екі-үш есе көп) және 3-7 млн тоннаға дейін көмірқышқыл газын шығарады. Бұдан басқа кадмий, қорғасын және сынап секілді улы металдардан тұра¬тын шамамен 400 мың тоннаға дейін зиян¬ды қалдық пен 300 мың тоннадан артық күл пайда болады екен.
Уран өндіру Қазақстанның тау-кен өнеркәсібінің жетекші салаларының бірі болып табылады. Ел уран өндіру бойынша әлемде бірінші және оның қоры бойынша екінші орында, тек Австралиядан кейін.
Жылу электр станциялары үшін әлемдегі көмірсутек отынының шектеулі қорларын және Қазақстандағы атом электр станциялары үшін уранның орасан зор қорын ескере отырып, Қазақстанның тұрақты даму үшін электр энергиясын өндіруде қоғамның өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған барлық мүмкіндіктері бар. АЭС салу мәселесі көп жылдан бері жоғары деңгейде және қоғамдық талқылаудың бірнеше кезеңінен өтіп, оның артықшылықтарына көз жеткізілген кезен келді деп есептеймін.

Халима САРТАЕВА,
Ө.Жәнібеков атындағы биология кафедрасының доценті, б.ғ.к., Біріккен Ұлттар ұйымының
экология және тіршілік қауіпсіздігі бойынша корреспондент-мүшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.