Өнімді 220 миллион жұмыртқаға ұлғайтпақ Избранное

Пятница, 27 Сентябрь 2024 06:05 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 92 раз

Шымкент қаласындағы ең ірі құс фабрикаларының бірі «АйМар Құс» ЖШС –і 2024 жылдың наурыз айында қала әкімі Ғ.Сыздықбековтың қатысуымен ашылған болатын. Бүгінге дейін ілкімді істерді артқа қалдырған «АйМар Құс» фабрикасының мақсаты жоспарға сай орындалуда.

tauiK

 

«АйМар Құс» құс фабрикасы Шымкент қаласы бойынша «Big Dutchman» (Германия) және «Moba» (Нидерланды) сияқты еуропалық компаниялардың ең озық заманауи жабдықтарымен жабдықталған алғашқы кәсіпорын. Құс фабрикасының негізгі қызметі тауық жұмыртқасын өндіру. Кәсіпорынның жылдық орташа өнімі - 35 миллион дана жұмыртқа. 8 айдың қорытынды бойынша құс фабрикасы меженің 60 пайызын орындаған.
Ашылғанына әлі жыл болмаған кәсіпорын Шымкент қаласының экономикасының дамуына серпін беріп келеді. Ал, құс фабрикасының ұжымы – өз ісін біліп қана қоймай, үлкен сүйіспеншілікпен қарайтын, тәжірибесі мол, кәсіби мамандар.
– Ветеринария мамандары әр тауықтың денсаулығын жіті қадағалайды, бұл сапасыз өнімдердің сөрелерге жету мүмкіндігін толығымен жояды. Тауықтарды азықтандыру Қазақстанның экологиялық таза аймақтарында өсірілген табиғи өсімдік азығына негізделген. Мұның барлығы жоғары сапалы және экологиялық таза өнім өндірудің негізі болып табылады. Кәсіпорында ветеринарлық және зоотехникалық зертхана бар, онда жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Жем өндіруге арналған шикізаттың келіп түсетін сапасын бақылау және дайындалған жемнің қауіпсіздігі мен тағамдық құндылығын талдау тұрақты түрде жүргізіледі. Ветеринариялық салауаттылық кәсіпорынның ветеринариялық қызметінің жалпы және арнайы профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруымен қамтамасыз етіледі. Жұқпалы аурулардың мониторингі ИФТ схемасы бойынша жүйелі түрде жүргізіледі. Нақты профилактикалық бағдарлама мониторинг нәтижелерін ескере отырып түзетіледі және ветеринардың бақылауымен жүзеге асырылады. Осылайша, тауық жұмыртқасын өндіру әр кезеңде бақыланады, барлық жұмыртқалар санаттар бойынша оралып, серіктестер мен клиенттерге жіберіледі,-дейді «АйМар Құс» құс фабрикасы директордың өндіріс бойынша орынбасары Қалдыбаев Алмаз.

Айдана Сарсен,
М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің журналистика
факультетінің 3 курст студенті

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.