«Кітап оқитын ұлтқа айналуымыз керек» Избранное

Пятница, 27 Сентябрь 2024 06:10 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 89 раз

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен “Сенің ортаң” жобасы аясында Дулат Исабековтің танымал “Сүйекші” шығармасының талқылауы өтті.

okuu

 

Талқылау жиынына қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығының басшысы Марат Бақытжанұлы және «Оқырман» кітап клубы, «Ақиқат» пікір-сайыс клубы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Айқап» кітап клубы және «Ізгілікке жарысайық» қайырымдылық қорының жастары да қатысты.
“Сенің ортаң” жобасы қазақ әдебиетінің үздік шығармаларын кеңірек таныту, сондай-ақ, әдеби талқылаулар арқылы қоғамда мәдени диалогты дамыту мақсатында ұйымдастырылған. Бұл жоба әдебиет саласындағы маңызды мәселелерді көтеру арқылы оқырмандардың мәдени білімін арттыруды көздейді. Шараның мақсаты – қазақ әдебиетінің маңызды шығармаларын кең аудиторияға таныстыру және әдеби талқылау арқылы қоғамдық пікірді қалыптастыру.
Талқылау жобасына қатысушы жастар осындай іс-шаралардың жиі өткізудің маңыздылығы туралы ой-пікірлерін ортаға салып, талқыланған кітап жөнінде өз көзқарастарын білдірді.
̶ Қазір кітап клубтары өте көп. Сол клубтар осындай маңызды мәселелерді насихаттаудың жолы деп ойлаймын. «Сүйекші» шығармасына келер болсақ, трагедияға толы шығарма. Автордың толық жеткізгісі келгені адамдарды иманды болуға үгіттеген бір ғана сөзі маған едәуір рух беріп, жігерлендіргендей,- дейді М.Әуезов университетінің 3 курс студенті Әсел Амангелдиева.
Жалпы, «Сүйекші» шығармасы – Дулат Исабековтің әдеби мұрасының жарқын мысалы ретінде танымал. Шығармада қазақ қоғамының әлеуметтік мәселелері, тұлғалық қақтығыстар мен моральдық дилеммалар терең сипатталған. Кітап оқу үгіт-насихаты идеологиялық тұрғыдан зор маңызға ие. Бұл жобаның жастарға берер тағылымы мол.
̶ Мемлекет басшысы айтқандай, «біз жастарды кітап оқуға баулу арқылы жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз». Кітап оқу- елдің мәдениетін өсіретін және бәсекеге қабілетті арттыратын бірден бір құрал. Осы тұрғыдан айтсақ, жастарымыздың білімді, оқымысты болуы Қазақстанның болашағының жарқын болуын айқындайтын бағыт деп білемін,- деп үндеу тастады қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек.
Сондай-ақ, шара барысында осы шығарманың негізгі тақырыптары мен идеялары талқыланып, оқырмандар мен әдебиеттанушылардың пікірлері ортаға салынды.

Э.Сәрсенбайқызы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.