Ел тарихындағы маңызды стратегиялық шешім

Суббота, 28 Сентябрь 2024 09:46 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 40 раз

4617da6b-cad2-4fc3-b87b-b9bafe6a1112

6 қазан күні елімізде атом электр станциясын салу бойынша жалпыхалықтық референдум өтеді. Әрине, бұл бүкіл халықтың, мемлекеттің өміріндегі аса маңызды стратегиялық мәселе. Сондықтан референдумға дейін атом энергетикасы саласындағы сарапшылар мен мамандардың пікіріне сүйене отырып, оң және теріс жақтарын таразылауымыз керек. Бұл мәселе бойынша объективті ақпарат халыққа қолжетімді болуы керек. Өйткені, атом электр стансасын салу қаншалықты қауіпсіз деген сауал әрбір саналы азаматты толғандырады. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
АЭС мамандардың түсіндіруінше, базалық генерацияның экологиялық ең таза түрі, атом электр стансасынан экология еш зардап шекпейді, ол көміртексіз энергияның негізгі құрамдас бөлігі саналады. Керісінше, бұл электр орталығы парниктік газдың әсерін азайтуға көмектеседі. Айталық, 1000 МВт болатын атом электр станциясын жыл сайын пайдаланса да, парниктік газдар шығыны 8 миллион тоннаға азайып отырады. Атом электр стансалары көмір немесе табиғи газ қондырғыларына қарағанда отынды әлдеқайда аз тұтынады, бұл көміртегі бейтараптығы мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі. Оның үстіне ол сарқылмас қуат көзі.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Қазіргі таңдай көпшілікті мазалайтын сұрақ, бұл, қай⠀елдің реакторын таңдайтынымыз және қай жерге салынатыны. Бұл мәселн елімізде референдум өтіп, оны халық қолдаған соң ғана белгілі болмақ. Сондықтан еліміз үшін маңызды шарадан тыс қалмай, 6 қазанда өтетін референдумға белсене қатысайық. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
⁣⁣

Нұргүл Қобланова,⁣⁣⠀
Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы Қоғамдық кеңес мүшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.