Оңтүстiкте тарихи мереке ерекше атап өтiлдi

Пятница, 18 Сентябрь 2015 06:30 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4635 раз

ontustikte tarixi mereke 38Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған жиынның бірі облыс орталығындағы «Түркістан» мәдениет сарайында шымылдығын түрді. Өткеніміз бен болашағымызды байланыстырған тарихи маңызды шараға жергілікті билік өкілдері, зиялылар, ардагерлер және студент жастар қатысты. Жиынды облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды ашып, жерлестерімізді айтулы мерейтоймен құттықтады.

– Тарих халықтың бүгінімен болашағын айқындайтын мәселе. Мемлекет басшысы тарихты тануды «Қазақ хандығының 550 жылдығынан бастауымыз керек» деген болатын. Жалпы, қазақ халқын таныту, елдігімізбен, бірлігімізді сақтауда ұлылық көрсеткен хандарымызбен билеріміздің өнегелі істерімен сөздерін бүгінгі ұрпаққа әсіресе жастарға жеткізу және олардың патриоттық сезімін күшейту біздің түбегейлі парызымыз болуы керек. Бұл Елбасы айтқан «Мәңгілік ел» идеясымен келетіні ақиқат, – деді  Д. Сатыбалды.
ontustikte tarixi mereke 38 2Бұдан кейін сахна төріне көтерілген Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Сағынғали Әбубәкіров Қазақ хандығының арғы-бергі тарихынан сыр шертті. Тарихшы өз баяндамасында Қазақ хандығының тарихы тым тереңде екенін, сонау сан ғасырлық сара жолы бар «Сақ», «Ғұн» тайпаларымен сабақтасатынын ерекше тебіреніспен жеткізді.
  – Қазақ хандығы тарихының көп деректері, тіпті басым бөлігі бұрмаланып келді. Жазушылардың өзі де жобамен, долбармен жазып, жаңылысқан сәттер болды. Ол зерттеулерде көп ғалымдар адасқан. Шетел ғалымдары да, қазақ ғалымдары да. Шын мәнінде Ш. Уәлихановтан артық білетін ешкім жоқ. Ал енді Қазақ хандығы, өздеріңіз білесіздер, сонау Ғұннан басталады, Сақтан басталады. Түрік қағандығы, кешегі орта ғасырлық кезеңдегі оғыз қыпшақ, қимақ, қарлұқ, қарахан, одан бері Алтын орда, Ақ ордадан басталады, – деді тарихшы ұстаз.
Салтанатты шара барысында Қазақ хандығының құрылуы жөнінде облыстық қазақ, өзбек театрлары және әзіл-сықақ, сатира театрларының қойылымымен жалғасын тапты. Сондай-ақ, «Біржан-Сара» операсынан айтыс үзіндісі, «Қыз Жібек» операсының шашу биі көрерменге ұсынылды. Мерейлі мерекенің соңында өңіріміздің өнерпаздары патриоттық әндерді шеберлікпен орындап, жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Сәбит ТАСТАНБЕК

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Ардагерлер қойылым көрсеттi Есім хан »