Елімізге қажет мереке Избранное

Среда, 02 Март 2016 05:16 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 3276 раз

Оңтүстік Қазақстан облысында бірнеше күннен бері Алғыс айту мерекесіне арналған ірі мәдени шаралар өтуде. Сондай думанды іс-шараның бірі Шымкенттегі «Тәуелсіздік» саябағында жалғасты.

 

DSC 1257
 56d56707a4ef3

«Ел бірлігі» ескерткішінің жанында қала жастары «Алғыс айтамын» акциясын ұйымдастырды. Биік сахнада әр түрлі ұлт өкілдері өздерінің ана тілінде тәуелсіз Қазақстан еліне қонақжайлылығы мен қуғын-сүргін жылдарында көрсеткен қамқорлығы үшін алғыстарын білдірді. Осы мерекеге келген Ұлы Отан соғысының ардагері А. Воронкин еліміздің басты бақыты тыныштық пен бірлікте екенін айтып, мемлекет құрушы қазақ халқына алғысын білдірді.
– Мұндай мереке елімізге қажет деп санаймын. Себебі, бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатқан ортақ Отанымыздың гүлденуіне, тұрғындардың ынтымағының артуына бұл мереке өз септігін тигізетіні анық. Қазақ жеріне сұрапыл соғыстың алдында да, кейін де қаншама ұлт өкілдері келіп, қоныстанды. Қазақтар соның ешқайсысының көңілін қалдырып, шеттеткен емес. Қазақтың кең пейілінің арқасында өзге ұлттар өсіп-өніп, ұрпақтары бүгінгі бейбіт өмірге жетті, – деді соғыс ардагері.
Мерекелік басқосу облыстық би топтарының қатысуымен «Бірлігіміз жарасқан» атты концеттік бағдарламаға ұласты. 

Последнее изменение Среда, 02 Март 2016 09:09
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.