Қос мереке қарсаңындағы қуаныш

Среда, 02 Март 2016 08:24 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 3460 раз

Аналарға деген құрмет үзілмек емес. Көп бала тәрбиелеп отырған алтын құрсақты аналарымыз қандай құрметке де лайық жандар. Наурыз айымен бірге кіретін нәзікжандар мерекесі қарсаңында Еңбекші ауданының алты бірдей тұрғыны «Күміс алқа» иегері атанды. Аудан әкімі Ғалымжан Ильясов оларды арнайы қабылдап, төсбелгімен және сыйлықтармен марапаттады.

SAM 0851Бәрі де алты баланы дүниеге әкеліп, қатарға қосқан аналар. Олар – Баян Ережепова, Айгүл Жамалова, Гүлзабира Қаныбек, Ақжарқын Спаева, Айгүл Тыңғазиева және Маржан Өтенова.

– Бір баланы тәрбиелеп, қатарға қосудың өзі оңай емес. Алты баланы үлкен азамат қылып өсіру үлгі боларлық іс. Әрі қарай табыс тілейміз. Баланың бақыты – ананың бақыты. Елдің сенімін ақтайтын үлкен азаматтар болсын. Жалпы, халықтың санын сақтау үшін бір отбасыда төрт бала болу керек. Сіздердікі үлкен еңбек, – деді Ғалымжан Молдабайұлы құттықтау сөзінде.

Ауданда «Алтын» және «Күміс» алқа иегер аналардың жалпы саны – 2429. Оның ішінде «Алтын алқа» – 995, «Күміс алқа» иегері – 1434.
Алғыс айту күнімен қатар, төл мерекелері қарсаңында сыйға кенелгендердің ішіндегі ең жасы – Баян Ережепова. Жұлдыз ауылында тұратын 33 жастағы ана үш ұл, үш қыз өсіріп отыр. Үлкені он төрт, кішісі екі жасар. «Құдайға шүкір, осы балаларымыздың арқасында абыройымыз артып отыр. Өмірге әкелгеннен кейін оған жауапкершілік артасың. Әр баланың өз несібесі болады. Қазір қоғамда сәбиді тастап жатқандарды естісем, жүрегім ауырады. Тіпті жылап та аламын», – деген ол қоғамның қатігезденіп бара жатқанына күйінішін де жеткізді.

Баян Ережепованың бар арманы – қазақтың санын көбейту, ойлы ұрпақ тәрбиелеу. Келешегі «Алтын алқа» иегері атанғысы келетін ниетін де жасырған жоқ.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.