Бас жүлдегер – Бағдат Сейітбек

Среда, 02 Март 2016 08:05 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 3547 раз

Осы аптада облыстық «Арай-2016» байқауы өз мәресіне жетті. Ән сайысында және мәдени іс-шараның үздігі атану үшін 33 үміткер бақ сынады. Талап пен сенімнің биігінен көріну үшін өнерлі жастар аянған жоқ.

 arai baiqauy-1  arai baiqauy

Қатысушылар бұған дейін екі кезеңнен өткен болатын. Орындаушылар патриоттық және еркін тақырыптағы әнді орындап, шеберліктерін танытқан еді. Ал мәдени іс-шара жүргізушілері үш тілде өнер көрсетіп, ситуациялық сұраққа жауап берді.
Байқау қорытындысы бойынша бас бәйге шымкенттік Бағдат Сейітбекке бұйырды. Жеңімпазға 200 000 теңгенің сертификаты табыс етілді. Бірінші орынды Созақтан келген Арайлым Көлшікбаева иеленсе, 2-орынды төлебилік Болат
Құрманәлиев пен шымкенттік Аян
Төлеген бөлісті. Ал жүлделі 3-орыннан Қаламқас Сейілхан (Шымкент қаласы) мен Төлеби ауданынан Жамбыл
Құрбанәлиев көрінді.
Ал мәдени іс-шара жүргізушілері арасында бас жүлде Бағдәулет Мамытовқа (Шымкент қаласы) берілді. 1-орынға Иген Жансейіт (Шымкент қаласы) лайық деп табылса, 2-орынды Алмат Дүйсенбаев жеңіп алды. Ләйлә Оспанова (Шымкент қаласы) 3-орынды қанағат тұтты.
Айта кетейік, іс-шараның ұйымдастырушылары – облыстық мәдениет басқармасы және халық шығармашылығы орталығығы. Байқауға «Қазақстан-Шымкент» телеарнасы қолдау білдірді.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.