Жастарға үлгі болған талант Избранное

Среда, 26 Октябрь 2016 05:30 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4554 раз

ОҚМПИ студенттері Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, жезтаңдай әнші Нұржамал Үсенбаевамен кездесті. Елге қызмет еткен елеулі тұлғаларды оқу орнына шақырып, студенттермен кездесу ұйымдастыруды институт ректоры Оңалбай Аяшев дәстүрге айналдырған.

20161024 171610

– Нұржамал консерваторияның 5 курсында оқып жүргенде Қыз Жібектің рөлін сомдады. Сол қойылымнан кейін жазушы Ғабит Мүсірепов маңдайынан сүйіп «Міне, менің Қыз Жібегім дәл осындай болуы тиіс» деген. Қымбатты жастар! Өмірде зор жетістікке жету үшін үлкен қалада, мәдени ошақтың ордасында дүниеге келу шарт емес. Бойыңдағы талантты бағалау қажет. Бағым жансын деген әр жас арманына үлкен құштарлықпен талпынуы тиіс. Армандау керек және сол арманға жету жолында аянбай еңбек ету керек, – деді О. Аяшев.

20161024 171624

Екі сағатқа созылған кездесуде ОҚМПИ жастары Қазақ академиялық опера және балет театрының соло-әншісі Н. Үсенбаеваның өнерін тамашап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

«Бүгінгінің Қыз Жібегінен» ОҚМПИ қошеметін аямады. Айтыскер ақындар жұлдызы жанған қазақтың ерке, дара қызына арнап жырдан шашу шашса, оқу орнының ректоры О. Аяшев «ОҚМПИ профессоры» атағын құрметпен тапсырды.

– Бұл кездесу маған керемет әсер қалдырды. Опера әншісі ретінде осынша тыңдарманым барын білмеппін. Алдағы уақытта туған жерге жиі келетін боламын, – деді Н. Үсенбаева.

Последнее изменение Среда, 26 Октябрь 2016 07:53
Ақмарал МОЛДИЯРҚЫЗЫ

2004 жылы ОҚГА, журналистика факультетін бітірген. Бұған дейін «Ақиқат-Истина», «Оңтүстік спорт» газеті мен «Ерқанат-спорт» баспасөз орталығында, «Ернұр» корпорациясында және М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да жұмыс істеген. 2016 жылдың мамыр айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.