Шымкент тәуелсіздік алған жылдардан бастап қазақыланды. Егемендік алған тұста идеологиялық тұрғыдан ескірген көше атаулары қазақ тұлғаларының есімдері мен жер-су аттарын иеленді. Мәселен, Ленин даңғылы – Республика, Советский көшесі – Қазыбек би, Долорес – Желтоқсан, Базарная – Әйтеке би атауын иеленді. Ал Целинная – Тың, Кристальная…
Режиссер Серік Таласовтың интернетте кеңінен тараған бейнеролигі жұртшылық тарапынан үлкен сынға ұшырады. Көпшілік жеңіл жүрісті қыз бейнесінде киінген қыздың да, қазақ әйеліне тән киінуге шақырған актердің де образын қабылдамады. Бұған дейін ұлттық құндылыққа үндейтін еңбектерімен танылған авторға бейнеролик дауы оңай соққан жоқ.

Сүйектамыр (Үзік сыр)

Пятница, 05 Июнь 2020 04:30 Автор
Бұл менің өмірімдегі ертегіге бергісіз шындық еді... Өзге жұрт естісе де көріп-білмеген, аузымнан шықпаған ақиқат. Жүректі сыздатып, буынды босатып, көмейге өксік тірейтін өмірі ұзақ оқиға. Бір үзік сыр. Бірақ... Бүгін осы оқиғаға куә боларлық, өмір бойы ағайындықты аңсаған, туыстықты тұмар қылып таққан, алдымдағы асқар тауым…
Тарихы да, дәстүрі де терең Ресей кәсіптік циркінде Дуровтар, Филатовтар, Бугримовалардың өнері дрессураның, жануарлармен жұмыс істеудің классикасы болып қалыптасқан. Олар жыртқыш аңдардың небір айбарлы, қауіпті дегендерімен ыждаһатты «ынтымақтаса» біліп, адамзаттың санасы мен ақыл-ойы, талғамы артық екенін дәлелдеп, оларды өз ықтиярына көндіре отырып, табиғатпен үндестіктің бір…
Саябақтардың жаңарып, аллеялардың көрікті кейіпке ене бастағаны туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Instagram әлеуметтік желісінде жазды. – Биыл біздің қала ТМД-ның мәдени астанасы мәртебесін алды. Әрине, қонақтарды наурызда қарсы аламыз деп үміттенген едік, бірақ пандемия әсерінен жоспарлар өзгерді. Дегенмен, қала келбетін көріктендіру бойынша үлкен…
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні еліміз үшін орны ерекше, маңызы зор мейрамның бірі. Әсіресе, дәл бүгінгідей уақытта халқымыздың бірлігі мен тұтастығы айрықша білінеді.             Індетпен күрес қызып, төтенше жағдай жариялан карантин кезінде үйлерінде отырған жерлестеріміздің көңілін аулау мақсатында…

АМАНЖОЛДЫҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҒЫ

Среда, 29 Апрель 2020 00:30 Автор
1 мамыр бір-бірімізді мерекемен құттықтап, той тойлайтын күн ғана емес, тарихтың қатпарлы беттеріне көз жүгіртіп, өткеннен сабақ алатын мереке. Өйткені, тарихи тағдыр тоғыстырған Қазақстан халқының өткеніне қарап бүгінгі жүзден астам этностың ырысты ынтымағының қадірін тереңірек ұғына түсінеміз. Тарихи деректерге сүйенсек, сталиндік депортация жылдарында 3 миллионнан…

АРЫСТАН БАБ

Пятница, 17 Апрель 2020 02:08 Автор
Арыстан бабтың есімі дереккөздерде және қазақ, қырғыз, өзбек, тәжік елдерінде әртүрлі (Арыстанбап, Арстанбап, Арслан-Баб, Арсланбоб, Арслонбоб т.т.) жазылған, біз Арыстан баб нұсқасын қолдандық. Ал енді арабша емледегі Салман Аль-Фарисидің есімін, негізінен мақаладағы оқиғаларға орай, қазақша айтылған нұсқа бойынша Сәлмен парсы деп те алдық. Шәуілдірдегі Арыстан…
«Көрпе Fest» мегафестивалі Шымкентте ісмер әйелдердің басын қосты. Қазақтың төл мәдениеті мен өнерін дәріптеген іс-шараға үй шаруасындағы 300-ге жуық әйел мен көпбалалы ана қатысты. Олар көрме орталығында бір мезетте қолына ине-жіп алып, шеберліктерін шыңдады. Әлеуметтік желі арқылы этнодизайнер Ырза Тұрсынзаданың Шымкентке келетінін естіген қыз-келіншектердің қуанышында…

Жылы жақтағы жалғызым

Среда, 04 Март 2020 04:05 Автор
Ол төрт жылдан астам уақыт төсек тартып жатты. Аса ауыр операциядан кейін. Сыртқа сирек шығатын. Жұмысқа барарда Жәлелдің үйі жанынан өтетінмін. Телефон арқылы тілдесетінбіз. «Кіріп шығайын ба?» дегеніңді онша жарата бермейтін. Жүдеп-жадаған күйінде көрінгісі келмес. Бірде «Құрдастар» дейтін алақандай әңгіме жазды. Екеуміз туралы екен. «Мархабат!…