Өмірі де, өнері де – өнеге Избранное

Пятница, 23 Февраль 2024 08:23 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 874 раз

М.Әуезов атындағы ОҚУ ғимаратында қазақтың тұңғыш халық суретшісі атанған ұлы тұлға Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына орай конференция өтті. «Тума талант мұрасы» тақырыбында өткен іс-шараға ОҚУ-дің және Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің студенттері, №2 Оқушылар сарайының бейнелеу өнері үйірмесінің мүшелері қатысты.

kastev

 

Әбілхан Қастеев – қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Оның картиналары өзіндік стилімен және туған жеріне деген сүйіспеншілігімен ерекшеленеді. Суретші 1100-ден астам туындылар жасады.
Ұлы шебердің туындылары, қылқалам тілімен шерткен шежіресі тек өз Отанымызды ғана емес, шет елдерді де шарлап келген. Жиында тұлғаның тағдыры мен творчествосын еске алуға арналған сахналық көрініс қойылып, көрерменді тәнті етті. Фойеде суретшінің Канада, АҚШ, Бразилия, Франция, Индонезия, Үндістан ГДР, Венгрия, Югословия, Польша, Болгария сияқты шет елдерде танымал болған туындыларынан көрме ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, жас суретшілердің Ә.Қастеевтің туындыларына арналған байқауы өтіп, жеңімпаздар арнайы жүлделермен марапатталды.

Гүлнұр БАЛАБАСОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.