Төрт саяси партияның тiзiмi ұсынылды

Пятница, 05 Февраль 2016 08:46 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3990 раз

Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының алдағы сайлауына дайындық барысы туралы брифингте ОСК мүшесі Л. Сүлеймен сайлау науқаны басталған кезеңнен бері көптеген саяси партиялар өздерінің съездерін өткізгенін, съезде олар партиялық тізімдерін қалыптастырып, партиялық тізімдерін бекіткенін атап өтті.

photo 67368Қазіргі кезде ҚР ОСК-на 4 партиялық тізім ұсынылды: 30 қаңтар – «Нұр Отан» партиясының 127 адамды қамтитын партиялық тізімі, 2-ақпан – «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының 19 адамды қамтитын партиялық тізімі және Қазақстан Коммунистік Халық партиясының 22 адамды қамтитын партиялық тізімі, 3 ақпан – Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының 35 адамды қамтитын партиялық тізімі.
3 ақпанда ҚР ОСК «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімін тіркеді.
Мәслихаттар депутаттығына ұсыну белсенді жүріп жатыр. Облыстық, Астана және Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтер бойынша бүгінгі күнге дейін республика бойынша барлығы 2865 кандидат ұсынылған.
Олардың ішінде, облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарына – 324 адам, аудандық мәслихаттарға – 2015 адам, қалалық мәслихаттарға – 526 адам.
Ұсынылған кандидаттардың 12-сі Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі, 1184-і партияда жоқ, тағы 1669-ы өзінің партияға тиесілі екенін көрсетпеген.
Округтік сайлау комиссиялары 54 кандидатты тіркеді.
Ортсайлауком бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес мәслихаттар депутаттығына ұсыну 2016 жылғы 19 ақпанға, ал тіркеу 23 ақпанға дейін жүргізіледі.
Брифинг соңында
Л. Сүлеймен: «Сайлау комиссияларының негізгі міндеті – заңдылықты, яғни сайлау заңнамасына және жалпыға танымал халықаралық қағидаттарға сәйкес әділ және ашық сайлауды өткізуді қамтамасыз ету» – деп атап өтті.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.