×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Шымкентте 236 сайлау учаскесi жұмыс істейді Избранное

Пятница, 05 Февраль 2016 05:31 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 5587 раз

Саяси мәні зор науқанға Шымкент қалалық сайлау комиссиясы да дайындығын тыңғылықты түрде атқаруда. Комиссия төрағасы Марс Елекеев қала аумағында 29 округтік сайлау комиссиясы белгіленгенін, күні бүгінге дейін жергілікті мәслихат сайлауына 20 азаматтың үміткер ретінде өзін-өзі ұсынғанын мәлім етті.
Сонымен қатар, Шымкентте қала аумағының кеңеюіне байланысты 14 облыстық сайлау округі жұмыс жасамақ. Қазір дауыс беру орындарында дайындық жұмыстары жүргізілуде. Комиссия төрағасы өз сөзінде кейбір елді мекендердің облыс орталығының аумағына енуіне байланысты өзгерістер орын алуы мүмкін екенін де жасырмады.

miras– Сайлау мерзімі Ұлыстың ұлы күні қарсаңында өтетін болғандықтан, мереке сәтінде өзге қалаларға қыдырып кеткен немесе іссапармен жүрген азаматтардың да дауыс беруі үшін қолайлы жағдайлар қарастырылуда. Тұрғындарға бір ескерте кететін жайт, сайлау мерзіміне дейін өзіне тиесілі сайлау округіне барып, толық тізімде өз аты-жөні барын біліп алғаны дұрыс болар еді. Бұл күні тиісінше, сақтық шаралары да күшейтіледі. Өңірде арнайы құзырлы органдар штабы құрылуы мүмкін, – дейді Марс Атымтайұлы.
Комиссия төрағасының берген мәліметінше, сайлаушыларға толыққанды мәлімет беру мақсатында, қалада арнайы белгіленген орындарда Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауын насихаттау бойынша 20 билборд дайындалған. Қаладағы халық санының ұлғаюына байланысты сайлау учаскелерінің саны да едәуір өсіп отыр. Яғни, өткен жылы ҚР Президенті сайлауында барлығы 222 сайлау учаскесі жұмыс жасаса, бұл жолы көрсеткіш 236-ға дейін артқан. Қазіргі таңда Шымкентте 377 мың сайлаушы тіркелген.
Сайлау округтерінің аумағы мен мекен-жайы жергілікті «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттерінде жарияланған. Учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс күндері және сенбіде таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін жұмыс істейді. Тек, жексенбі демалыс күні ретінде белгіленген.

Орталық сайлау комиссиясы
бақылауды күшейтпек

1430065156 kanatНаурыз айының 20 жұлдызына белгіленген еліміздегі Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына байланысты бүгінде сайлау комиссиялары тарапынан үміткерлерді тіркеу жұмыстары жалғасуда. Сайлау күні ұзақ-сонар кезекті болдырмау үшін ел аумағында барлығы 9440 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс жасамақ. Сондай-ақ, шетелдерде қызмет бабымен жүрген отандастарымыз үшін де барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Яғни, өзге елдер аумағында арнайы құрылған 65 сайлау комиссиясы ел азаматтарының өзіндік таңдауына бақылау жасайды.
Бұл орайда, округтік сайлау комиссиялары «Сайлау туралы» ҚР Заңына сәйкес, ақпан айының 19-на дейін қалалық мәслихатқа өзін-өзі ұсынушы азаматтарды есепке алу жұмыстарын жалғастырмақ. Ақпан айының
23 жұлдызына дейін өзін-өзін ұсынған азаматтар тіркеуге алынып, одан әрі үміткерлік мандатын иеленеді және сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Осы кезде сайлау комиссиялары ұйымдастыру және қадағалау жұмыстарына белсенді түрде қатыспақ.
Сондай-ақ, шетелдік бақылаушылар мен БАҚ өкілдеріне қолайлы жағдай жасау мәселесі де назарға алынған. Бұл ретте, әлемнің 112 елінен халықаралық бақылаушылар шақырылуда. Қазірдің өзінде бірқатар халықаралық ұйымдар сайлауға бақылау жүргізуге қатысатындықтарын ауызша қуаттап отыр. Олардың қатарында Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясы, сондай-ақ Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі бар.

 

Үмiткерлер назарына!

2016 жылдың 20 наурызына белгіленген еліміздегі Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына қатысатын үміткерлер үшін қалалық «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттері үгіт парақшаларын жариялауға мынадай төлем мөлшерін белгілейді.

1. Үміткердің өз есебінен төленетін сайлауалды мақалалары үшін Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28-бабы 3-тармағы бойынша әр шаршы сантиметріне – 150 теңгеден есептеледі.
2. Сайлау қорының қаржысы есебінен сайлауалды үгіт парақшаларын жариялау үшін Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлердің әр шаршы сантиметрге төлейтін қаржысы – 200 теңгеден есептеледі.
3. Сайлау қорының қаржысы есебінен сайлауалды үгіт парақшаларын жариялау үшін мәслихат депутаттығына үміткерлердің әр шаршы сантиметрге төлейтін қаржысы – 200 теңгеден есептеледі.

Последнее изменение Пятница, 05 Февраль 2016 06:35