×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Бесінші шақырлымның соңғы сессиясы Избранное

Пятница, 18 Март 2016 04:42 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 4092 раз

V шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының кезекті елу сегізінші сессиясы өтті. Жиынды сессия төрағасы Б.Салимов жүргізіп отырды. Сессия жұмысына қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, қалалық мәслихаттың депутаттары, бөлім басшылары қатысты. Айта кетейік, бұл бес жылға сайланған қалалық мәслихаттың соңғы сессиясы. Осымен V шақырылған өкілетті органның  жұмысы аяқталады.

DSC 1769

Күн тәртібінде барлығы 10 мәселе қаралды. Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің есебі туралы баяндама жасаған қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов қала аумағындағы 1971 көпқабатты тұрғын үйдің жартысына жуығы, яғни 947-сі күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етіп тұрғанын жеткізді.
- Аталмыш көпқабатты үйлердің алғашқылары 1934 жылдан бастап салынған. Бүгінде тозығы жеткен ғимараттарды қайта қалпына келтіру үшін мемлекеттік «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы шеңберінде 104 үйде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл тағы 23 үйде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, – деді баяндамашы.
Сондай-ақ, күн тәртібіне сәйкес, қалалық қоғамдық көліктерде жолақы тарифін келісу туралы баяндама жасаған Бейсенбек Керімбекұлы мамыр айының 1-жұлдызынан бастап жолақы құны 70 теңгеге көтерілетінін айтты. Дегенмен, ҰОС және тыл ардагерлері, алтын, күміс алқа иелері, І топтағы зағип жандар мен оларды жетелеп жүрген бір азамат қоғамдық көліктерде тегін жүру мүмкіндігіне ие. Ал студенттер үшін бұрынғы баға, яғни 50 теңге қалпында қалады. Оқушылар бастапқы бағаның жартысын, яғни 35 теңге төлемек.
Күн тәртібінде қаралған мәселелерге мәслихат депутаттары бірауыздан қолдау танытты. Жиынды қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қорытындылады.
– Бесінші шақырылған Шымкент қалалық мәслихаты шын мәнінде, көтерген мәселелердің ауқымдылығымен және көптігімен ерекшеленді деуге болады. Міне, бүгін кезекті елу сегізінші сессиясына қатысып отырмыз. Осы жиындардың барлығында халық қалаулылары ретінде сіздердің ұсыныстарыңыз бен қабылдаған шешімдеріңіз қала өмірінде маңызды рөл атқаруда, – деп атап өтті Ғ. Рахматоллаұлы.
Халық қалаулылары жиын соңында қала әкімімен естелікке суретке түсті.

Последнее изменение Пятница, 18 Март 2016 04:50