Басты талап – Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету Избранное

Пятница, 03 Июнь 2016 05:44 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3164 раз

Қала әкімдігінде Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қатысуымен сауда орындарының өрт қауіпсіздігі мәселелері жөнінде жиын өтті. Жиынға қалалық төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері, сауда орындарының басшылары қатысты.

DSC 0087

Шымкенттегі ірі сауда орындары, оның ішінде жоғары топқа жататындардың бірқатары кіші кәсіпкерлік немесе микрокәсіпкерлік субъектілері аталады. Ал осы санаттағы кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік тіркелу немесе қайта тіркелу уақыты 3 жылдан аспаса, аталған нысандарға тексеру жүргізілмейді. Іс жүзінде мұндай жағдай тексеру кестесіне енгізілген жоғары топтағы сауда орындарының тексерілмеуіне алып келеді. Мысалы, «Сәуле» ЖШС-не қарасты «Оптовик» сауда орталығы, «Абесов» ЖК-ға қарасты «Алаш» базары, сонымен қатар түрлі заңды тұлғаларға қарасты «Жібек жолы» базары және «Арғымақ» автокөлік базары жоғары топтағы нысандарға жатқанымен, мемлекеттік тіркеуден қайта өтулеріне байланысты жақын арада тексерілмейді. Себебі, қайта тіркелгеніне 3 жыл толмаған.

Жиында осындай мәліметтер келтірген төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті мамандарының айтуынша, сауда орындарының жетекшілері өрт қауіпсіздігі талаптарын орындағанына қарамастан, қазіргі таңда сауда орындарында қайта жобалау жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан жаңадан салынған сауда нүктелерінің саны нормадан асады және базарларда үлкен көлемде сауда-материалдық заттар жинақталып, өту жолдарына кедергі жасайды. Сонымен қатар өртке қарсы арақашықтық та сақталмайды. Өртке қарсы нормалардың талаптарында сауда қоймаларына және сатуға арналған бөлмелердің арасында міндетті түрде өртке қарсы қабырға болуы тиіс. Алайда, сауда-саттық жүргізіліп жатқан базарлардың ешқайсысында өртке қарсы қабырға қарастырылмаған. Жақында ғана «Исатай», «Оптовик» базарларындағы мүшкіл жағдай осының дәлелі.

DSC 0080

Сондай-ақ, осы мәселеге қатысты мамандар статистикалық көрсеткіштер келтірді. Егер 2012 жылы Шымкенттегі сауда орындарында 4 өрт оқиғасы, 2013 жылы 5, 2014 жылы 7, ал 2015 жылы 4 өрт оқиғасы тіркелген. Ал 2016 жылдың 5 айының өзінде 3 өрт оқиғасы тіркеліп отыр. Сауда орындарындағы өрт оқиғаларының 80 пайызы өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамаудан туындағаны белгілі болып отыр. Дегенмен, сауда орындарының өртке қарсы жай-күйі ерекше назар аударуды талап етеді.

Жиынды қорытындылаған Ғ. Әбдірахымов жауапты мамандарға сауда орындарындағы өрт қауіпсіздігі талаптарының қатаң сақталуы бойынша бақылау жұмыстарын күшейту қажеттігі туралы тапсырмалар берді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.