Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Онда ашық конкурс арқылы бірқатар білім беру мекемелерінің басшылары тағайындалды.
Атап айтсақ, «Інжу-Маржан» бөбекжайының директоры конкурс негізінде іріктеп алынды. Жалпы конкурсқа 7 үміткер қатысып, мол қызмет тәжірибесі арқылы Нұрбекова Гүлназ Полатқызы бөбекжай директорлығына лайық деп танылды.
Сондай-ақ ашық конкурс нəтижесінде №67 орта мектебінің директоры болып Мырзабаева Ханзура Бекжанқызы қызметіне кірісті.