Жаңа полигон жұмысын бастады

Пятница, 15 Май 2015 02:54 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 3754 раз

Шымкентте  жаңа қоқыс полигоны жұмыс істеп жатыр. Ашылғанына екі айдан асқан полигон Ташкент тас жолы бойынан 25 шақырым жерде орналасқан. Қоқыс полигоны күніне 450-500 тонна тұрмыстық қатты қалдықтарды қабылдайды.


4258– Көліктер қоқыстарды артып жатып таразымен өлшеп тұрады, қайта түсіргенде қоқыстар тағы да өлшенеді, – дейді «Таза қала» МКК директорының орынбасары Данияр Өтемісов. – Әрбір артылған жүктің өлшемін біліп отыру үшін арнайы көліктерге журнал ашылған.
Шымкенттегі ескі қоқыс полигоны енді оның маңындағы тұрғындар үшін жабық. Алайда ескі полигонды сүріп тастау уақыт еншісінде. Жаңа полигонға түсетін тұрмыстық қалдықтар жұмысын енді бастайтын қоқыс өңдеу зауытына жөнелтіледі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.