×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Бiздiң көше тұрғындары – көпке үлгi

Пятница, 18 Март 2016 05:29 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 6951 раз

Түркі халықтарында жаңа жыл көктем мерекесімен бірге басталады. Әлемнің ең көне мерекелерінің бірі әдетте, Шымкент қаласындағы Тельман бөлімшесі, Жаңақұрылыс көшесінің тұрғындары үшін де айрықша мерекеленеді. Себебі мұнда жергілікті қазақ ұлтынан өзге, өзбек, татар, тәжік, әзірбайжан этносының өкілдері өзара туыстық қарым-қатынас жағдайында тату-тәтті тіршілік етуде. Жылдағы дәстүрге сәйкес, бүгін де мұнда көше тұрғындары Наурыз мерекесін кең көлемде атап өтуге тыңғылықты дайындалуда.

IMG 0542 CustomШарафат әжей үшін жылдың басты мерекесі – Наурыз мейрамы айрықша бағаланады. Немерелерімен бірге ұлттық нақышта киініп, жыл басын лайықты қарсы алу үшін 15-20 күн уақыт бұрын арнайы әзірленеді. Бұл күндері әрбір жанұя ақ дастарқан жайып, құрамында ұн, май және құмшекері бар «сумәләк» дайындайды. Үлкен өгізді соғымдап, етінен «нооруз көже» пісіреді. Көженің құрамына ет, май, күріш, түрлі дәнді дақылдар мен ұн, картоп пен басқа да қоспалар кіреді. Және көже жиылған қауымның барлығына бірдей жететіндей етіп әзірленеді.
– Татар халқы Наурыз мерекесін «Нардуган» деп атайды. Татар ұлтының дәстүрі бойынша мереке қарсаңында адамдар үй іші мен сыртын тазалап, қарыздарынан құтылған. Егер араздасқан адамы болса, татуласқан. Ал мереке күні молшылық болсын деген ырыммен барлық ыдыс-аяққа толтырып сүт, айран және бұлақтың таза суын құяды. Ағайын-туыс пен көрші-қолаң кездескен жерде жақсы тілектерін айтып, жамандық атаулыдан аулақ болуын тілейді. Тұрғындар үстеріне таза немесе жаңа киім киіп, бүкіл ауыл болып жиналып, бір-бірін құттықтап шығады, – дейді әжей.
Орта Азия халықтарында бес мың жыл бойы дәстүрлі түрде аталып келе жатқан «Наурыз» мейрамын жоғары бағалайтын әзірбайжан ұлтының өкілдері де өзінің ұлттық салт-дәстүріне жоғары құрметпен қарап, оларды атаусыз қалдырмайды. Бұл ретте, Азир Алиев – көше комитетінің төрағасы ретінде әрдайым көпшілікті игі істерді жасауға шақырып, бастамашыл әрекеттерімен сый-құрметке ие болған жан. Наурыз мейрамын ең ежелгі және құрметті мереке деп түсінетін ол бүгін де көпшілікке ортақ істің ұйытқысы болып жүр.
– Қазақ елімен бірге әзірбайжандықтар да «Новруз-байрамын» аса құрметпен қарсы алады. Жылдағы дәстүрге сәйкес, көше тұрғындары биыл да жиналып, әрбір үйді-үйге ағаш көшеттерін отырғызып, тазалық жұмыстарын жүргізуге белсене қатысуда. Мереке сәтінде барлығымыз жиналып, әрбір үйге арнайы құттықтап шықсақ деген ойымыз бар, – дейді А.Мәдиұлы.
Өзбек Хайдмұраттың отбасы да нақ қазіргі сәтте жыл басын қарсы алуға үлкен дайындықпен кіріскен. Өзбекстан халқы «Навруз» мейрамына 15-20 күн алдын дайындала бастайды. Мейрам қарсаңында арнайы, тек осы мереке кезінде ғана әзірленетін тағам түрлері «сумәләк» пен ханпалау даярланады. Ең бастысы, бұл күндері қайырымдылық шараларына белсенді түрде қатысады. Үйсіз-күйсіз жүрген адамдар мен жетім балаларға көмек көрсету үлкен сауап деп ұғынады.
Иә, мереке сәтін лайықты қарсы алуды ойға алған көше тұрғындарының жарасымды ынтымағы мен өзіндік бастамалары кім-кімге болса да үлгі болатындай.