Зейнетақы жинақтары туралы не бiлемiз?

Среда, 17 Август 2016 08:34 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 5738 раз

Газет редакциясына, www.enpf.kz сайтына, әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ парақшаларына, Қордың байланыс орталығына зейнетақы жинақтары мен жалпы зейнетақы жүйесі туралы көбірек білгісі келетіндерден сауалдар келіп түседі. Олардың ішіндегі ең көп қойылатын сауалдарға жауапты «БЖЗҚ туралы 5 сауал» айдарынан оқи аласыздар.

014-002

1. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шотын ашу үшін не қажет?

Міндетті зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шотын ашу үшін жеке тұлға кез келген «БЖЗҚ» АҚ бөлімшесіне өзінің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын алып келіп, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініш бере алады. Жеке зейнетақы шотын төмендегі құжаттарды тапсыра отырып, сенім білдірілген тұлға арқылы да ашуға болады:
– сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат түпнұсқасы;
– нотариат куәландырған сенімхат түпнұсқасы не оның нотариат куәландырған көшірмесі;
– жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі.
Бас бостандығынан айыру орындарындағы жеке тұлғаның мүддесін білдірген жағдайда, оның жеке басын куәландыратын құжат түпнұсқасын беруге болады.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен жеке зейнетақы шотын ашу үшін МКЗЖ аударылатын жеке тұлғаның пайдасына МКЗЖ төлейтін агент төмендегі құжаттарды береді:
– жарғы көшірмесі және көзбен шолу үшін оның түпнұсқасы не қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғаны тіркеу туралы тіркеуші органдар қабылдаған өтініштің көшірмесі және көзбен шолу үшін оның түпнұсқасы (үлгі жарғыны ұсыну талап етілмейді);
– мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі және көзбен шолу үшін оның түпнұсқасы. Электрондық цифрлық қолтаңбасы бар мемлекеттік тіркеу туралы анықтама беруге болады, бұл ретте құжаттар топтамасына анықтаманың түпнұсқасы қосылады;
– үшінші тұлғаларға МКЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу туралы өтінішке қол қою өкілеттігімен агент берген сенімхат түпнұсқасы не оның нотариат куәландырған көшірмесі;
– МКЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу туралы өтінішке қол қоюға өкілеттігі бар үшінші тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа);
– агенттің банк деректемелері: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), банк сәйкестендіру коды (БСК), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), бенефициар коды (БеК).

2. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша шарт жасау үшін не қажет?

Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – салымшының БЖЗҚ-ға немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына өз еркімен салатын ақшасы. Ерікті жарналарды өзің үшін де, үшінші тұлғалар үшін де, мысалы, өз жақындарыңның пайдасына салуға болады немесе жұмыс беруші өз қызметкерлерінің пайдасына сала алады. ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты өз пайдасына жасау үшін салымшы жеке басын куәландыратын құжатты беру керек (көшірмесі және көзбен шолу үшін түпнұсқасы). Егер шартты жеке тұлға үшінші тұлғаның пайдасына жасаса, жеке басты куәландыратын құжатты (көшірмесі және түпнұсқасы) салымшы да, алушы да береді.
Үшінші тұлғаның пайдасына шарт жасау үшін заңды тұлға салымшы төмендегі құжаттарды береді:
– заңды тұлға жарғысының нотариат куәландырған көшірмесі және лицензия (егер салымшы қызметіне лицензия берілетін болса);
– заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе БСН көрсетілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесі;
– заңды тұлғаның бірінші басшысының өкілеттігін (мәртебесін) растайтын құжат;
– заңды тұлға атынан шартқа қол қою өкілеттігі көрсетілген заңды тұлға сенімхатының түпнұсқасы;
– заңды тұлға атынан шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат түпнұсқасы;
– заңды тұлға құрылтайшыларының жеке басын куәландыратын құжаттардың заңды тұлға куәландырған көшірмелері (акционерлік қоғамдардың құжаттары, сондай-ақ шаруашылық серіктестік қатысушыларының тізілімін тіркеуші жүргізетін шаруашылық серіктестік құрылтайшыларының құжаттары қосылмайды). Алушы жеке басын куәландыратын құжат береді (түпнұсқа).
ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты кәмелетке толмаған азаматтар да жасай алады. Бұл жағдайда, 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған тұлғаның атынан әрекет ететін заңды тұлға төмендегі құжаттарды береді:
1) кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігі (түпнұсқа);
2) заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа);
3) ата-анасы болмаған кезде: қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжат (түпнұсқа) – қорғаншы тағайындалғаны туралы анықтама/баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарт.
Мұндайда шартқа заңды өкіл қол қояды.
14 жастан бастап 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған тұлға шартты заңды өкілдің жазбаша келісімімен өз бетінше жасайды және төмендегі құжаттарды береді:
14 жастан бастап 16 жасқа дейін:
кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігі (түпнұсқа);
заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа);
ата-анасы болмаған кезде: қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжат (түпнұсқа) – қорғаншы тағайындалғаны туралы анықтама не баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарт.
Кәмелетке толмаған тұлғаның (туған күні 2007 жылғы тамызға дейін) туу туралы куәлігінде ЖСН деректемелері болмаған жағдайда, туу туралы куәлікке қосымша ЖСН тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасын не Қазақстан Республикасының азаматы төлқұжатының түпнұсқасын беру қажет;
16 жастан бастап 18 жасқа дейін:
кәмелетке толмаған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа) және кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігі (түпнұсқа);
заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа);
ата-анасы болмаған кезде: қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжат (түпнұсқа) – қорғаншы тағайындалғаны туралы анықтама не баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарт.
ЕЗЖ мөлшерлемесі, оны төлеу және кейіннен ЕЗЖ есебінен құралған зейнетақы жинақтарын төлеу тәртібі ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді.

3. Міндетті зейнетақы жарналары бойынша БЖЗҚ-дан төлем алуға кімнің құқығы бар?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабының ережелеріне сай міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдеріне құқық БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлғаларға беріледі:
1) зейнет жасына толған соң:
63 жасқа толған ерлер,
58 жасқа толған әйелдер:
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 58,5 жас;
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59 жас;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5 жас;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жас;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жас;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жас;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жас;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жас;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жас;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 63 жас;
2) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған жағдайда, зейнетақы жинақтары ең аз зейнетақы мөлшерінен кем емес төлемді қамтамасыз етуге жеткiлiктi болған кезде:
55 жасқа толған ерлер;
50 жасқа толған әйелдер (2016 жылғы 1 наурыздан бастап):
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 50,5 жас;
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 51 жас;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 51,5 жас;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 52 жас;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 52,5 жас;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 53 жас;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 53,5 жас;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 54 жас;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 54,5 жас;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 55 жас;
3) егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер;
4) Қазақстан Республикасының аумағына тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған кету дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар.
Сонымен қатар міндетті зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-да зейнетақы жинағы бар тұлға қайтыс болған* жағдайда, зейнетақы жинақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға беріледі.

4. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен құралған зейнетақы жинақтарын алуға кімнің құқығы бар?

Заңның 32-бабының ережелеріне сай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдеріне құқық БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлғаларға беріледі:
1) зейнетақы жинақтары республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең аз зейнетақы мөлшерінен кем емес төлемді қамтамасыз етуге жеткiлiктi болған кезде сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасау арқылы жалпы алғанда міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары кемінде алпыс күнтізбелік ай төленген, елу жасқа толған тұлғалар;
2) Заңның 11-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар орын алған кезде, атап айтқанда:
– 63 жасқа толған ерлер;
– 58 жасқа толған әйелдер (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 58,5 жас; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59 жас; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5 жас; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жас; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жас; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жас; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жас; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жас; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жас; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 63 жас);
3) егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер;
4) Қазақстан Республикасының аумағына тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған кету дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-да зейнетақы жинағы бар тұлға қайтыс болған* жағдайда, зейнетақы жинақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға беріледі.

5. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен құралған жинақтардан төлемдерді қандай жағдайда алуға болады? 

Заңның 33-бабының ережелеріне сай ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдеріне құқық БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлғаларға беріледі:
1) 50 жасқа толған тұлғалар;
2) мүгедектер;
3) Қазақстан Республикасының аумағына тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған кету ниетін немесе дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар.
Сонымен қатар ерікті зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-да зейнетақы жинағы бар тұлға қайтыс болған* жағдайда, зейнетақы жинақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға беріледі.

Последнее изменение Среда, 17 Август 2016 08:45
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.