«Отбасы – тәрбие бастауы» Избранное

Понедельник, 03 Октябрь 2022 05:26 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 573 раз

Шымкентте «Қаратау» өнер мектебінде жас айтыскер ақындар арасында «Отбасы – тәрбие бастауы» атты отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған айтыс өтіп жатыр. Ұлттық өнеріміздің дамуына қолдау көрсеткен – Қаратау ауданының әкімі Рақымберді Мүлкеманов.

313

 

Өнер додасына Аллажар Бекмұратұлы, Мейіржан Жақып, Расул Баянбай, Бекарыс Рахматуллаев, Даниял Болысбек, Елсия Құлақмет, Сұлтан Сәуірхан, Нұрғали Әнәпия атты жас ақындар және қаламыздағы білім ордаларының дарынды оқушылары қатысты.
–Бүгін жас ақындардың арасында үлкен дода болып жатыр. Жастар арасында айтыс ұйымдастырып, ұлттық өнерімізді ұлықтау және отбасы құндылықтарын сақтау мақсатында осындай іс-шаралардың өтуіне ұйытқы болып отырмыз. Додаға түсіп жатқан жастарға сәттілік тілеймін,–деді Қаратау ауданының әкімі.
Өнер додасында ақындар ұлттық тәлім-тәрбие, отбасындағы ынтымақ, ата-ананың қадіріне жету, бала тәрбиесін дәріптеуде.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.