Қазіргі таңда 1 тонна көмірдің бағасы 14 750 - 15 100 теңге аралығында сатылып жатыр. Қыс – қыр астында. Қыркүйек айының соңы да таяп қалды.
Күн суығанда азаматтардың көмірді жаппай сатып алуы көбейеді. Кезекке тұрып, күнұзақ күтіп қалмау үшін осы сәттен бастап тұрғындар қысқы отынын қамдануы тиіс.
Шымкент қаласында қазір көмір сататын 7 орын белгіленді. Атап айтқанда:
1. ЖК «Пернебаев» - Қызылсай темір жол станциясы
2. ЖК «Құралбаев» - Қызылсай темір жол станциясы
3. «Азамат Мұнай» ЖШС - Қойкелді батыр көшесі, номерсіз
4. ЖК «AVZ-NRADE» - Сайрам тұрғын алабы, Яссауи көшесі, 650
5. ЖК «Arganat» - Клара-Цеткина көшесі, 159
6. «VIP-M» ЖШС - Қойкелді батыр көшесі, номерсіз
7. ЖК «Қошжанов» - Момынов көшесі, 26
Байланыс нөмірлері:54-96-54 8775 833 31 38 (Әл-Фараби ауданы)
53-03-20 87071638292 (Абай ауданы)
43-31-09 8702 670 33 00 (Еңбекші ауданы)
77-46-18 8771 828 40 74 (Қаратау ауданы).