ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ Избранное

Пятница, 30 Июнь 2023 04:54 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 980 раз

ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың төрағалығымен өткен республикалық ономастика комиссиясының отырысында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-этнограф, тарихшы, академик Өзбекәлі Жәнібековтің есімін беру туралы шешім қабылданды.

376

 

Өзбекәлі Жәнібековтің қайраткерлік өнегесі, ұлттық руханиятқа қосқан өлшеусіз үлесі – педагог мамандардың бағдар алар шамшырағы іспеттес. Дәуір дарабозы елдік мұрат жолында халықтық танымның, ұлттық тағылымның, мәдени мұраның, тарихи дәстүрдің қайта түлеп жаңғыруына айтулы еңбек сіңірді.
Қайраткерлік рухтың тәлім-тәрбиеге қосар үлесі ескеріліп, университетте «Өзбекәлі Жәнібеков орталығы» ашылып, тарихымыздағы біртуар тұлғаның этнографиялық бай мұрасын зерттеуге, ұлттық мәдени танымды, тәрбие құндылықтарын, қазақ мәдениетінің қалыптасу үрдісін және даму белестерін ғылыми тұрғыда дәйектеуге қызмет етіп отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.