КҮНБАҒЫС МАЙЫ АРЗАНДАДЫ Избранное

Пятница, 30 Июнь 2023 04:53 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 894 раз

Шымкентте күнбағыс майының бағасы 150 теңгеге дейін арзандады. Экономикалық тергеу департаменті электрондық шот-фактураларды зерттеп, Шымкент өндірісіндегі өнімдердегі бағаларды саралаған.

375

 

Нәтижесінде «Доня» күнбағыс майының сату бағасы 1 литр үшін 550 теңгені құрағанын анықтаған. Бірақ сауда желісінде оның бағасы литріне 770 теңге тұрған.
Жүргізілген түсіндіру жұмыстарының қорытындысына сәйкес, бұл өнімнің бағасы литрі үшін 605 теңгеге дейін төмендетілді. Яғни өнім бағасы 165 теңгеге арзандады. Қаланың басқа супермаркетінде осы брендтің күнбағыс майы литрі үшін 748 теңгеден сатылған. Жүргізілген жұмыстан кейін баға 605 теңгеге дейін төмендеді, яғни 143 теңгеге дейін арзандады.

Последнее изменение Пятница, 30 Июнь 2023 10:35
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.