ЖҰМЫС САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА Избранное

Пятница, 27 Октябрь 2023 04:03 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 399 раз

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жол құрылысы нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты. Бүгінде бас жоспарға сай салынып жатқан Қонаев даңғылының жалғасында құрылыс қарқынды жүргізілуде.

754

 

Бұл құрылыс Бадам көпірінен оңтүстік бағытқа қарай 4,7 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда 2,8-4,7 шақырым аралығында жол негіздері салынып, асфальт-бетон жабындысының төменгі қабаты төселген. Сонымен қатар, мұнда инженерлік желілер жобаға сәйкес қайта орнатылды.
Құрылыс жұмыстары Бадам өзені арқылы өтетін көпірден Саттарханов көшесіне дейінгі аралықта жалғасуда. Аталған жол бөлігін 5 қарашаға дейін көлік қозғалысы үшін ашу жоспарланып отыр.
Бүгінде Жансүгіров, Анаров көшелерінен Рашидов көшесіне дейінгі аралықта көлік нөпірі көп. Аталған көшелерде пайда болған шұңқырлардың көлік қозғалысына қауіптілігі анықталып, орташа жөндеу жүргізіліп жатыр.
Қала басшысы осы аумақта атқарылып жатқан жұмыстардың қарқынын қадағалады. Жобада жол жамылғысын жаңарту, құдықшаларды ауыстыру қарастырылған. Орташа жөндеу жұмыстарын 1 қарашаға дейін аяқтау жоспарланған.
Қала әкімі жауаптыларға, ең алдымен, сапаны назарға алып, жұмыстарды өндірістік кестеге сай аяқтауды тапсырды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.