АҚШ-ТЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ Избранное

Пятница, 27 Октябрь 2023 04:04 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 394 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюммен кездесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты арттырудың тетіктерін қарастырып, болашақ инвестициялық жобаларды талқылады. Шетелдіктер туризм, мәдениет, ауыл шаруашылығы салаларын дамытуда инвестициялық жобалар ұсынуда.

757

 

–Инвестиция тарту – қаланы дамытуда маңызды бағыттардың бірі. Мемлекеттік қолдау шаралары аясында біз американдық капиталдың қатысуымен бірқатар жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз. Қаламызда 4 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Инвестициялық алаңдарда барлық жағдайлар жасалған. Сіздермен бірлескен жұмыстың нәтижесінде екі елдің бизнесінің игілігі үшін жаңа жобалар іске асырылады деген сенімдемін», – деді қала әкімі.
Екі ел арасында түрлі бағыттағы қарым-қатынастарға негізделген стратегиялық серіктестік орнатылған. АҚШ ел экономикасының ірі инвесторы болып табылады.
Бүгінде қаламызда американдық капиталдың қатысуымен 10 заңды тұлға, филиал тіркелген. Шетелдік компаниялар өңдеу өнеркәсібі, көтерме және бөлшек сауда, ақпараттық байланыс салаларында жұмыс істейді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.