AVTOBYS ҚОСЫМШАСЫ Избранное

Пятница, 14 Июнь 2024 06:39 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 206 раз

қызметті жақсартып, жұмысты жеңілдетеді

Шымкентте тұрғындар жол ақысын енді Avtobys мобильді қосымшасы арқылы Bluetooth, NFC, QR кодтары және контактісіз банк карталарымен оңай төлей алады.

abtoBUS

 

Жаңа қосымша мектеп оқушылары, студенттер, зейнеткерлер және басқа да санаттар үшін көлік карталарын сатып алмай-ақ, жеңілдетілген тарифтерді пайдалануға мүмкіндік береді. Жүйе тұрғындарға жол ақысын ыңғайлы және жылдам төлеуге мүмкіндік беріп, қызметті жақсарта түседі.
Avtobys мобильді қосымшасы арқылы басқа жолаушылардың әмияндарына қосымша комиссиясыз аударымдар жасауға болады, сондай-ақ басқа қызметтерді төлеуге де мүмкіндік бар. Әрбір жолаушы тетік арқылы өз автобусының бағытын қадағалап, аялдамаға келу уақытын болжай алады.
Қазіргі таңда 4 автобус паркінің 552 автобусы осы жүйеге қосылған. Күн сайын 12 мыңнан астам адам жол ақысын төлейді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « ШАҒЫНАУДАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ШЕШІЛУДЕ