ТӘУЛІК БОЙЫ ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН ОРТАЛЫҚ Избранное

Пятница, 14 Июнь 2024 06:37 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 214 раз

Шымкентте білім алушыларға тәулік бойы қызмет ететін коворкинг орталығы ашылды. Орталық Ж.Тәшенов университетінің ғимаратында орналасқан. Ашылу салтанатына Түркістан облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, Шымкент қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ ректорының міндетін атқарушы Гүлжан Дәулетбекқызы, Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Анар Жаппарқұлова қатысты.

TaUlik

 

Мұнда жастар уақытын тиімді әрі қызықты өткізе алады. Орталық ішінде қазақ классиктерінің шығармалары мен әлемнің озық туындыларын таба аласыз. Сонымен бірге жастар пікірталас алаңында бас қосып, жаңа жобаларды осы жерде талқылайды. Орталық соңғы заманауи техникалармен жабдықталған. Жылдамдығы жоғары тегін интернет те бар. Жұмыстан бір сәт тынығуға арналған демалыс орындарында ұлттық үлгіде жасалған кілемше, көрпе-жастықтар да қойылыпты. Жұмысқа керекті кеңсе тауарларының барлығымен жабдықталған. Қолжетімді кофеавтомат және кофехана жұмыс істейді.
Жалпы, Coworking орталығында кездесулер, жиындар, тренингтер өткізуге арналған алаң қарастырылған. Орталықта жастарға пайдалы кездесулерді жиі ұйымдастыруға мүмкіндік туды. Жиынға 20-30 адам еркін сыяды. Сондай-ақ, орталықта кітапхана қарастырылған. Жұмыстан тыс уақытта жастар кітап оқып, білімін толықтыра алады.
– Қазіргі таңда қала жастарының көбі фрилансер болып жұмыс істегенді жөн санайды. Себебі фрилансерлік қызметте жастарға ауадай қажет еркіндік бар. Тіпті кейбірі қаржылай тәуелсіздікке ұмтыламын деп фрилансерліктен гөрі жеке бизнес ашуға аяқ басып жатады. Әлбетте жұмыс орнының жайлы болғанын бәрі армандайды. Жастардың бәрінде бірдей кеңсе жалдап отыруға мүмкіндік жоқ. Сондай сәттерде осындай коворкинг орталықтың көмегіне жүгінуге болады,– дейді орталық директоры Мереке Ережепқызы.
Айта кету керек, Coworking тек студенттерге ғана емес, қала тұрғындары үшін де қызмет етеді.

Әсел ОРЫНБАЙ,
М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің 2-курс студенті

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.