ШАҒЫНАУДАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ШЕШІЛУДЕ

Пятница, 14 Июнь 2024 06:38 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 239 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбеков Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының ұжымымен кездесіп, жаңа басшы Салдарова Арайлым Құрбанбекқызын таныстырды. Ұжыммен бірге шығармашылық идеялар мен өзекті мәселелерді талқылады. Театр ұжымына қала мәдениетін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

 

Қала әкімі Асар-2 шағынауданындағы жерасты өткелін абаттандыру және субұрқақты күтіп ұстау жұмыстарымен танысты. Жауаптыларға нысанды заманауи талаптарға сәйкес абаттандыруды тапсырды. Сонымен қатар, тұрғындарға қолайлы болу үшін өткел ішін жарықтандыру қажеттігін жеткізді.
Сонымен қатар №90 мамандандырылған мектеп-гимназиясына барды. Мектеп басшылығы шәкірттердің білім алу жайынан хабардар етті.
Шаһар басшысы Тұран шағынауданында аулалар мен үй маңындағы аумақтардың санитарлық жағдайын тексерді. Тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жауаптыларға орталық көше бойында аялдама мен жарық шамдарын орнатуды, сондай-ақ балаларға арналған шағын футбол алаңын салуды тапсырды.
Сондай-ақ, «Тұлпар» коттедж қалашығының Қазиев көшесінің жалғасы жоспарланған аумақта тұрғындармен кездесті. Жергілікті тұрғындардың пікірлері мен тілектерін ескере отырып, саябақ аймағын сақтау бойынша шешім қабылдады.
Қалалық дендросаябақтағы жаңа серуендеу аймағының, Сайрам, Жібек жолы көшелерінің қиылысындағы гүлзарды абаттандыру бойынша жұмыстарды, сондай-ақ «Көл» мен Ордабасы алаңындағы субұрқақтарды реконструкциялау барысын тексерді.
Салалық басқармалардың басшылары мен мердігер ұйым өкілдеріне барлық жұмыстарды сапалы және уақтылы аяқтауды тапсырды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.