×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Шымкенттің туристік әлеуеті артпақ

Среда, 30 Март 2016 05:44 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 5918 раз

Жуырда ел аумағында жаңа бастау алғалы отырған жаңа туристік бағыт бойынша Оңтүстік өңірінің ең көрікті де қасиетті орындары белгіленді. Атап айтқанда, Қожа Ахмет Яссауи, Арыстан баб кесенелері, «Отырар» қалашығы мен еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкент қаласы бар.

Аталған орындар «Өркениетті Жібек жолының» бірыңғай туристік бағытына енеді. Мұндағы негізгі міндеттердің бірі – Қазақстанның көне қалаларын көрсетіп қана қоймай, «Ұлы Жібек жолының» әлемдік бренд ретіндегі рөлін нығайту, экологиялық және емдік туризмді дамыту болып табылады.


Елімізде алғаш рет өтетін түркі әлемінің халықаралық туристік жобасына Алматы және Тараз қалаларының сәулетті орындары да таңдалып отыр. Жаңа жоба Қазақстанның және өзге де түркі тілдес халықтарының тарихи және мәдени бай мұрасын дәріптеуді көздейді.
Әрқайсысы 2 апта уақыт мерзіміне созылатын пилоттық жобаның алғашқы екі кезеңін ұйымдастырушылар биыл өткізуді жоспарлап отыр.

Последнее изменение Среда, 30 Март 2016 11:45