25 тарихи орынды аралайды

Пятница, 12 Август 2016 09:03 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3557 раз

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында өткен тарихқа үңіліп, әр саладағы жетістіктерді ел болып бағамдап жатырмыз. Осы орайда, күзгі маусымда
«Хабар» арнасынан «Экспедиция 25» атты арнайы жоба көрерменге жол тартпақ. Бұл бағдарламаны түсіру үшін құрамында ғалымдар, тарихшылар мен қоғам қайраткерлерінің өкілдері, журналист және блогерлер, фотографтары бар саяхатшылар тобы жол талғамайтын 5 темір тұлпармен 108 күндік саяхатқа шықты.

 photo 189395 09508ee1-3b0b-4375-8adc-b57b0578fccd 

Саяхат барысында шығармашылық топ Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі 25 тарихи орынды аралап, мемлекет дамуына сүбелі үлес қосқан 25 тұлғамен кездеседі. Саяхатшылар әзірге Қазақстанның Оңтүстік өңіріндегі төрт облыста қонақта болды. Бұдан кейін орталық Қазақстан арқылы Астанаға бет бұрады.
– «Экспедиция 25» жобасы аясында сәулетті ескерткіштер мен табиғаты тамсандыратын тамаша өлкелер кеңінен насихатталмақ. Оңтүстік Қазақстан облысында біз Шымкент қаласын араладық. Арыстан бабқа, Түркістанға бардық. Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне екі күнімізді арнап, тау баурайындағы Сайрам-суды тамашаладық. Еліміздің мұндай көрікті аймақтарының барлығы қыркүйек айында «Хабар» арнасынан көрсетіледі деп күтілуде, – дейді «Арша» медиасту-
диясының журналисі Мадина Жандарова.

Последнее изменение Пятница, 12 Август 2016 09:21
Ақмарал МОЛДИЯРҚЫЗЫ

2004 жылы ОҚГА, журналистика факультетін бітірген. Бұған дейін «Ақиқат-Истина», «Оңтүстік спорт» газеті мен «Ерқанат-спорт» баспасөз орталығында, «Ернұр» корпорациясында және М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да жұмыс істеген. 2016 жылдың мамыр айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.