Құрылыс пен тазалық әкім назарында Избранное

Среда, 16 Ноябрь 2016 07:06 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 4189 раз

Облыс әкімдігі ғимаратында өңір басшысы Ж.Түймебаевтың төрағалығымен кезекті селекторлық жиын өтті.

 

Алқалы басқосуға қала, аудан әкімдері мен басқарма басшылары қатысып, бюджет есебінен құрылысы жүргізіліп жатқан нысандардың сапасы мен қатты тұрмыстық қалдықтардың полигон орындары жайлы мәселе талқыланды. 

Жауапты мамандардың жұмысымен толық танысқан облыс әкімі орын алған олқылықтарды тез арада жою қажеттігіне тоқталды. Тексерулер жүргізіліп, шара көрілген компаниялардың аздығын сынға алған облыс әкімі бұл жұмыстарды қайта електен өткізіп, міндеттеріне салғырт қарайтын мердігерлердің атқарған жұмыстарын қайтадан тексеруді тапсырды. Еліміздің әр түкпірінен және шетелден келетін қонақтарға қаладағы салынып жатқан нысандарды ұялмай көрсететіндей жағдай жасау қажеттігін, көпқабатты үйлердің кіреберістерін (подъезд) таза ұстап, жарықтандыру мәселесін қатаң тапсырды. Бұл жұмыстарға барлық құрылымдардың жаппай атсалысуы қажеттігін ескерткен Ж.Түймебаев қоқыстарды жинауға 3 күн мерзім берсе, кіреберістерді реттеуге 2 апта уақыт берді. Аталған мерзім аяқталғаннан кейін облыс əкімі тиісті нысандарды ескертпестен аралайтын болады.

Последнее изменение Среда, 16 Ноябрь 2016 07:23
Ақмарал МОЛДИЯРҚЫЗЫ

2004 жылы ОҚГА, журналистика факультетін бітірген. Бұған дейін «Ақиқат-Истина», «Оңтүстік спорт» газеті мен «Ерқанат-спорт» баспасөз орталығында, «Ернұр» корпорациясында және М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да жұмыс істеген. 2016 жылдың мамыр айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.