×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Қолданысқа берілген қос ғимарат Избранное

Среда, 28 Декабрь 2016 05:34 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 4451 раз

Халыққа жедел әрі сапалы қызмет көрсетеді

 

Осы аптада Шымкентте қос бірдей мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы пайдалануға берілді. «Достық» шағынауданында орналасқан нысанның ашылу рәсіміне облыс басшысы Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты.

Ендігі жерде көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметтері қолжетімді болмақ. Мамандандырылған орталықтағы теориялық және тәжірибелік емтихандарды тапсыру процестерін автоматтандыру адами факторларды толықтай жойып, оны барынша айқын етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мамандандырылған орталық қызметі азаматтардың уақытын үнемдеуде өте қолайлы. Енді автокөлікті электрондық кезек талонын алған сәттен бастап бір сағат ішінде тіркеуге болады. Ал жүргізуші куәлігін алуға теориялық және тәжірибелік емтиханды тапсыру уақытын қоса алғанда орта есеппен 2 сағат уақыт кетеді.

А, А1, В, В1, С, С1, D, D1 категориялары бойынша тәжірибелік емтиханды тапсыруға қажетті 3 жеңіл автокөлік, жүк көлігі, 2 автобус және 2 мотоцикл орталық меншігіне беріліп отыр. Мамандандырылған ХҚКО ғимаратында жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық тексеруден өтуге болады.
Сондай-ақ, Жансейіт Түймебаев және Ғабидолла Әбдірахымов «Оңтүстік» шағынауданындағы (Қапал батыр көшесі, 4) №8 Халыққа қызмет көрсету орталығының салтанатты ашылу рәсіміне де қатысты.

Бүгінде Еңбекші ауданының 254 мыңнан аса тұрғыны бар. Аудан халқы үшін №8 ХҚКО арқылы 530 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Оның ішінде электронды түрде 315 мемлекеттік және 215 дәстүрлі мемлекеттік қызмет түрі ұсынылады. Пилоттық жоба арқылы қосымша 53 мемлекеттік қызмет түрін көрсету жоспарланған.
Жаңа нысанда 25 қызметкер тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Аумағы 719 шаршы метрді құрайтын ғимараттың 40 автокөлікке арналған автотұрағы да бар.

Последнее изменение Среда, 28 Декабрь 2016 05:44

Другие материалы в этой категории: « Сәулеті келіскен кешен 450 мың қызғалдақ егілді »