Сәулеті келіскен кешен Избранное

Вторник, 27 Декабрь 2016 12:50 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 6082 раз

Шымкент қаласындағы Shymkent Grand Hotel қонақүйінің қайта құру жұмыстары толық аяқталды. Сондай-ақ, қонақүй жанынан заманауи үлгідегі жаңа технологиямен жабдықталған «Saukele Ballroom» конференц-залы салтанатты түрде ашылды.

UKO 8096

Жаңа нысанның тұсаукесеріне келген өңір басшысы Жансейіт Түймебаевты қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен қонақүйдің бас директоры Шыңғыс Әбдиев қарсы алды. 

– Жаңа жыл қарсаңында тағы да игі шараның тұсаукесеріне куә болдық. Облыс орталығы Шымкент қаласының көркеюіне еңбек сіңіріп жүрген жанашыр кәсіпкердің бірі – Шыңғыс Сейіткәрімұлының жаңа бастамаларына сәттілік тілейміз, – деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.

Конференция залы – маңызды жиындар ұйымдастыру, жергілікті және халықаралық деңгейдегі инновациялық көрмелер өткізу, презентациялар жасау бағытында қызмет көрсетеді. Ауданы 1800 шаршы метрді құрайтын залдың сыйымдылығы 700 адамға арналған. Мұнда «KEBET» заманауи конференция жүйесі мен «Dynacord Cobra-2» музыкалық аудио-видео жабдықтары орнатылған. Нысанның ашылуымен қатар бұл жерде 50 адам жұмыспен қамтылды.

UKO 7666-2

Бұдан кейін салтанатты іс-шараға жиналған қауым қонақүйдің жанынан құрылысы басталғалы тұрған жаңа аквапарктің жобасымен танысты. Сондай-ақ, облыс, қала басшылары «Фонтан» жаңа аквапаркінің капсуласын салу рәсіміне қатысты. Нысандардың құрылысын қаржыландырып отырған кәсіпкер Шыңғыс Сейіткәрімұлы аквапаркті пайдалануға беру мерзімін 2017 жылдың 1 маусымына жоспарланғанын айтты.

20161227 150943

UKO 7603– Бұл инвестициялық жобаға 6 млрд-қа жуық қаражат жұмсалады. Олардың қатарына қазір ғана өңір басшысы капсуласын салған «Фонтан» аквапаркі де кіреді. Бұған дейін қонақүй жанында орналасқан субұрқақ ұзақ жыл қараусыз қалған болатын. Сол маңайды қайта түлету бағытында көп іздендік, зерттеп көрдік. Нәтижесінде 1,9 гектарды құрайтын жерге қала тұрғындарына арналған саялы орын салуды жөн деп таптық. Әзірге құрылыстың 25%-ы аяқталды. Ал негізгі жұмыстар 2017 жылы басталады. Жаз маусымы басталғанда пайдалануға береміз деген мақсат бар. Жалпы, Shymkent Grand Hotel қонақүй-ойын-сауық кешені болашақта 500-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етсе, қонақүй 120, конференц-зал 700, аквапарк бір күнде 1500 адамға дейін қызмет көрсететін болады, – деді ол журналистерге берген сұхбатында.

Жоба бойынша аквапаркте ересектерге және балаларға арналған 3 бассейн түседі. «Kanikaze», «Aquatube», «Body slide», «Black Hole», «Space hole» атты заманауи су төбешіктері ересектерге арналған аймақта орналасса, балаларға арналған бөлігінде су қалашығын тұрғызу жоспарланған.

Ақмарал МОЛДИЯРҚЫЗЫ

2004 жылы ОҚГА, журналистика факультетін бітірген. Бұған дейін «Ақиқат-Истина», «Оңтүстік спорт» газеті мен «Ерқанат-спорт» баспасөз орталығында, «Ернұр» корпорациясында және М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да жұмыс істеген. 2016 жылдың мамыр айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.